«Хабар» арнасы Елеусінов пен Горбич арасындағы жекпе-жекті көрсетеді

«Хабар» арнасы Елеусінов пен Горбич арасындағы жекпе-жекті көрсетеді

«Хабар» арнасы Елеусінов пен Горбич арасындағы жекпе-жекті көрсетеді
ашық дереккөзі
Хабар» телеарнасы Данияр Елеусінов пен Габор Горбич арасындағы жекпе-жекті көрсетеді. 2018 жылдың 4 тамызында сағат 01:00-де (тамыздың 4-нен 5-не қараған түні) «Хабар» телеарнасы Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов пен венгриялық боксшы Габор Горбич арасындағы жұдырықтасуды көрсетеді. Бұл Данияр Елеусіновтің кәсіби рингтегі үшінші кездесуі. Данияр мен Габор бұған дейін кездесуі керек еді, алайда венгрлік боксшының жаттығу барысында алған жарақатына байланысты спортшылар шаршы алаңға шықпаған болатын. «Хабар» арнасындағы бокс кешінің комментаторлары Айдар Махметов пен Айбек Қабылша. Жекпе-жек Кардифф қаласында (Уэльс) «Ice Arena Cardiff-те» өтеді.