Калифорния «отты дауыл» құрсауында қалды

Калифорнияның  солтүстігіндегі ірі орман өрттері екі құтқарушының өмірін қиып кетті, он мыңдаған адам өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды, деп хабарлайды bbc.com.

Өрт сөндіру қызметі өкілінің айтуынша, Шаста округінде  бұл күшті жел  «отты дауылға» айналған. Ағаштар тамырымен қопарылды, автомобильдер аударылып жатыр.

Сондай-ақ 500 ғимарат отқа оранған, бұған қоса тағы мыңдаған құрылыс нысандарына қауіп төніп тұр.

Өрт сөндірушілерге тек 5 пайызын ғана сөндіру мүмкін болған.

Орман өрті дүйсенбі күні бұзылған автомобильдің кесірінен басталған. Жалын 194 шаршы шақырымды шарпыды. Оның көлемі Сан-Франциско аумағынан  да үлкен болып отыр.

Тілсіз жауды ауыздықтауға 3400 өрт сөндіруші жұмылдырылды. Бірақ  алдағы апта бойы созылатын құрғақ әрі ыстық ауа райы жағдайды одан әрі ушықтыруы ғажап емес.

San Francisco Chronicle басылымының жазуынша, үш адам – кейуана, немересі мен шөбересі із-түзсіз жоғалған.

Back to top button