Алматы орталығында түнде оқ атылған

Алматы орталығында түнде оқ атылған

Алматы орталығында түнде оқ атылған
ашық дереккөзі
Куәгерлер Алматыдағы MEGA парк ойын-сауық орталығының жанынан атылған оқтың даусын естіді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға 24-25 шілдеге қараған түні Мақатаев пен Сейфуллин көшелерінің қиылысында болды. Жақын маңайдағы үй тұрғындарының айтуынша, олар түнгі сағат 03.00 шамасында көшеде атылған оқтың даусынан оянып кеткен. Терезеге көз салғанда, көшеде 5-6 күзет көлігі тұрған. Бір ер адамды полиция қызметкерлері ұстады деп хабарланды. Сондай-ақ, көше қиылысында да жанжал болған. Кейінірек оқиға орнына криминалистер тобы келген. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері бағанаға соғылған автокөліктен саусақ іздерін алды.