Қазақстанда көзі нашар көретіндер мен зағиптар радиосы жұмыс істей бастады

«Sector Х» интернет-радиосында көзі нашар көретіндер мен зағиптар жүргізуші болып істейді. Олардың барлығы Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жанжардың мәселесіне назар аударту үшін тегін жұмыс істейді. Бірақ оларды танымал радиожүргізушілер үйретіп жатыр.

«Sector Х»- зағиптар мен көзі нашар көретіндер жұмыс істейтін алғашқы интернет-радио.

«Барлығы тегін жұмыс істейді, өйткені олар бұны өз істері деп қабылдайды. Бірақ біз Әлеуметтік қорғау министрлігімен келісіп, оларды жұмысқа алақпыз», – деді «Сенім» қоғамдық қорының директоры Сәуле Алпысова.

Әзірге «Sector Х» радиосында 10 журналист жұмыс істейді, болашақта олардың саны екі есеге көбеюі мүмкін. Эфирге шығардан бұрын оларға елде танымал радио жүргізушілер шеберлік сабағын өткізді.

Ильяс Фаткулин «Sector Х» радиосынд «Тифложизнь» бағдарламасын жүргізеді. Ол зағип жандардың өмірін жеңілдету жолдарымен бөліседі. Ілияс радио ашылған уақытта-ақ оның сүйікті жұмысына айналатынын білген.

«Олардың барлығының жоғары білімі бар. Оларға бәрі қызықты, көп нәрсе үйренгісі келеді», – дейді радионың бағдарлама директоры Сәулет Бүркіт.

Әзірге интернет-радио IT-университет студиясынан шығып жүр, бірақ жақын уақытта жеке кеңселеріне көшуді жоспарлап отыр.

Back to top button