Бурабай: Елбасы «Біржан-Сара» операсын тамашалады

Бурабай: Елбасы «Біржан-Сара» операсын тамашалады

Бурабай: Елбасы «Біржан-Сара» операсын тамашалады
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Бурабай курортының аумағында, ашық аспан астында өткен композитор Мұқан Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсының қойылымын  тамашалады.  width= Басты партияларды халықаралық конкурстардың лауреаты М. Байнеш, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты М. Мұхамедқызы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Ж. Шыбықбаев, Д. Хамзина және С. Ахметова орындады. Қоюшы-дирижер - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері А. Мұхитдинов, қоюшы-режиссері - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері А. Маемиров.  width= «Бурабай» Ұлттық саябағындағы Абылай хан алаңында ұлттық классика жауһары - Мұқан Төлебаевтың Open Air форматында қойылған «Біржан-Сара» қойылымына келген қала қонақтары мен тұрғындарының қарасы қалың. Кеш соңында өнерпаздарға құрмет көрсетіліп, келген көрермен көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.  width=