9 Шілде, 13:13 408 0 Жаһан Назым Тойлыбаева

Қырғызстанның Ми-8 МТВ тікұшағы құлады

Қырғызстанның Әуе қорғаныс күштерінің тікұшағы жерге қонып жатқан кезде бір қырымен аударылып қалған, деп хабарлайды Kabar.

«Бүгін, 2018 жылдың 9 шілдесінде, құтқару операциясы кезінде Оңтүстік Южный Энильчек учаскесінде Қырғызстанның Ми-8 МТВ тікұшағы құлады», - деп хабарлады Қырғыз Республикасының Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің баспасөз қызметі.

Жоғарыда айтылғандай, күшті желдің салдарынан тікұшақ жерге қону кезінде сол жаққа қарай құлап түсті. Алдын ала деректер бойынша 4 адам жарақат алды. Қазіргі уақытта зардап шеккен адамдарды эвакуацияланып жатыр.

Соңғы жаңалықтар