5 Шілде, 16:56 628 0 Әдебиет Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

Айтматовтың "Делбирим" повесінің желісімен фильм түсірілуде

Өзбекстандағы Наманган облысының Нанай және Гова ауылдарында Шыңғыс Айтматов повесінің желісімен "Делбирим" фильмінің түсірілімі басталды. Бұл туралы фильмнің қырғыз жағындағы продюсері Паризат Жакыпбекова хабарлады.

Оның айтуынша, түсірілім әрі қарай Ташкент облысында және Қырғызстанда жалғасады. "Кезең-кезеңімен түсіріп жатырмыз. Жоспармен келе жатырмыз. Біздің екі актрисада да жақсы ойнайды. Режиссердің көңілінен шықты", - деді ол.

Басты рөлдерді - Ілияс пен Байтемірді - өзбек әртістері Адиз Раджабов пен Улукбек Кадыров сомдайды. Әсел мен Кадичаны қырғыз актрисалары Мадина Талипбек пен. Элина Абай кызы ойнайды.

Фильм повесть желісімен түсіріледі, бірақ оқиға қазіргі заманда өрбиді. Сценарий авторы - қырғыз драматургы Керез Зарлыкова, фильм режиссері - өзбекстандық Сарвар Каримов. Туынды премьерасы биыл 12 желтоқсанда, Шыңғыс Айтматов туған күнінде көрсетіледі.

Соңғы жаңалықтар