Елбасы жаңадан ашылған «Almaty balabaqshasy» балабақшасына барды

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада жаңадан ашылған «Almaty balabaqshasy» балабақшасына барды, деп хабарлайды  Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті Астана қаласының сол жағалауында орналасқан 240 орындық жаңа балабақшаны аралап көрді. Бұл білім мекемесінде балалар шығармашылығын дамытып, олардың демалысын ұйымдастыру үшін музыка залы мен ойын алаңдары бар.

Сондай-ақ, «Almaty balabaqshasy» балабақшасы 12 топтан тұрады. Әрбір топтың Алматы қаласымен байланысты тақырыптық атаулары бар. Балабақша интерьерінің дизайны Алматының белгілі көшелерімен және даңғылдарымен танысуға, сондай-ақ қала тарихы жөнінде мағлұмат алуға мүмкіндік береді.

Back to top button