ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – ИГІ ІС
ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – ИГІ ІС
Тек оған мән беріп, үстіміздегі жылдың 31 мамырында Астана қаласында ұйымдастырылатын ІV Халықаралық «Қазақстандағы қайырымдылық» Конференциясы «Бизнес және қайырымдылық» тақырыбында өткізілмек. «Бауыржан» Қайырымдылық Қоры, халықаралық «Алтын қыран» Қоры және «Нұр Отан» ХДП.
Мемлекеттің едәуір қолдауына қарамастан, әлеуметтік мәселелердің басым бөлігі жалпы қайырымдылық мәдениетінің деңгейі жоғары болғанда ғана шешімін таба алады. Қазақстанда ұжымдық әлеуметтік жауапкершілік қаншалықты дамыған? Оның жүйесі қандай болғаны дұрыс? Тиімділігі қалай өлшенуі тиіс? Осы және басқа да сауалдар ІV Халықаралық ғылыми-тәжірибелік «Қазақстандағы қайырымдылық» Конференциясы барысында талқыланады.
«Қазақстандағы қайырымдылық» – еліміздегі қайырымдылық саласының даму мәселелерін ой елегінен өткізуге, әлеуметтік саясат және қайырымдылық салаларындағы отандық және халықаралық мамандар мен ғалымдардың тәжірибе алмасуына арналған ең үлкен пікір алаңы. Кезекті төртінші Конференцияның тақырыбы ретінде «Бизнес және Қайырымдылық» таңдалды.
Конференция мақсаты – жүйелі ұжымдық қайырымдылықтың дамуына серпін беру. Конференция жұмысына ұжымдық әлеуметтік жауапкершілік саласындағы отандық және шетелдік мамандар қатысады. Дэвид Кроутер, Джейк Хейман (Ұлыбритания), Ростислав Куринько (Украина), Асель Арстанбекова (Қырғызстан), т.б. сарапшылар баяндама жасаумен шектелмей, отандық бизнес және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріне арнап тренингтер өткізеді. Конференция барысында «Бауыржан» қайырымдылық қорының кітабының («Қайырымдылық қорын қалай ашып, сәтті қызметін қалай ұйымдастыруға болады?») тұсаукесері өтеді, сондай-ақ «Ұжымдық әлеуметтік жауапкершілік көшбасшылары» фотоэкспозициясы және «CSR–тәжірибелер 2013: «Қазақстан үшін» көрермен назарына ұсынылады.
Юлия Анищук,
№1 Балалар үйінің тәрбиеленушісі,
№40 мектептің 11-сынып оқушысы
Алматы