ҰБТ – САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ КЕПІЛІ

ҰБТ – САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ КЕПІЛІ

ҰБТ – САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ КЕПІЛІ
ашық дереккөзі
375

Еліміздегі ҰБТ жүйесі – оқушылардың бағын ашатын таза білім бәйгесі деп білемін. Біздің әке-шешелеріміздің мектептегі білім деңгейі басқа тәсілмен сыналды, оның да артықшылықтары мен кемшіліктерін естиміз. Ал, ҰБТ тапсыруға бөлінетін қамшының сабындай қысқа уақыт — 3 сағат оқушы тағдыры шешілетін сәт.  

Әрине, алғашқыда ҰБТ мен оның маңызы туралы естігенде зәреміздің ұшқаны  рас. Бірақ, сынып жетекшісі біздің бойымыздағы үрейді су сепкендей басып, нағыз ұстазға тән парасаттылықпен жол көрсетті. Осыған байланысты, ұстаздарға артылар жүктің ауырлығы мен жауапкершілігін тағы бір мәрте түйсіндік. Өзім «Алтын белгімді» дәлелдеп шықтым. Жыл сайын өзге мектептерде оқушылардың ҰБТ-дан қашқақтап колледждерге таңдау жасағанын естіп жүргенімізбен, біздің сынып оқушыларының 90 пайызы маңызды емтиханнан жүрексінген жоқ. Өз басым оқу үлгерімі жақсы, белсенді және ыждағатты оқушы ҰБТ сынағынан сүрінбейді деп ойлаймын. Қысқасы, айналдырған үш сағатта көңілің қалаған оқуға түсу мәселесі шешіледі. Бұл қиын ба? Біздің сынып оқушыларының ең төменгі балы – 67! Егер, көпшілігінің жоғары оқу орындарына грант негізінде түскендігін ескерсек, бұл – ғаламат жетістік. Бүгінде гранттың жеңімпазы ретінде ЕҰУ студентімін атандым. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтар болсам, ҰБТ – үкім емес, армандардың орындалуы!

Арман Ануарбеков, 

ЕҰУ студенті, Ақтөбе қаласының түлегі

Серіктес жаңалықтары