Үлкен Алматы айналма жол – қаланың қантамыры

Үлкен Алматы айналма жол – қаланың қантамыры

Үлкен   Алматы   айналма   жол – қаланың қантамыры
ашық дереккөзі
181

Алматы облысының әкімі Аңсар Мұсахановтың айтуынша, жеке меншікке өтіп кеткен жер телімдері қайтарылды. Бұл жоба бірнеше жылдан бері кейінге шегеріліп келген.

Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының қашықтығы 65,5 шақырым. Айналма жол Қарасай, Іле және Талғар аудандарының аумағынан өтеді. Осы жол салынса, Алматыдағы көлік кептелісін біршама азайтады. Сондай-ақ жүк тасымалын арттырып, экономикалық аудандарға жолды кеңейтеді. Оның құрылысы 2014 жылы басталуы мүмкін. Өйткені жол басып өтетін аумақтардағы жер телімдері жеке меншікте болып, оны сатып алуды рәсімдеу құрылысты тежеп отыр. «Сатып алуды қажет ететін учаске  – 724. Оның ішінде 237 жер телімі 6 миллиард теңгеден астам қаржыға сатып алынды», – деді облыс әкімі.
Стратегиялық маңызы бар жолды уақытында салу үшін Үкіметте өткен селекторлық кеңесте Премьер-Министр Серік Ахметов осы мәселеге жауапты министрліктер мен Алматы облысының әкіміне нақты тапсырма берді.  Облыс әкімінің орынбасары Тынышбай Досымбеков: «Жалпы биылға бөлінген ақша 2 млрд. 800 млн. теңге. Сол 2,8 млрд. теңге қаржының 1 млрд. 175 млн. теңгесін игердік, алдық. Енді қалған қаржыны игеру көзделуде», – деді.
Автокөлік жолдары комитеті үлкен Алматы айналма жолы да ақылы болу мүмкін деп отыр. Құрылыс 2014 жылы басталып, 3 жыл жүреді. Мемлекеттік органдар тиісті заңдарға өзгеріс енгізіп күре жолдың құрылысына консолидация тәсілімен жеке инвестициялар тартпақ. Осындай тәсілмен салынған алғашқы жол бір айдан соң тырнақалды кіріс әкеледі.

 

Серіктес жаңалықтары