Владимир Ким – Қазақмыс тобының президенті

Владимир Ким – Қазақмыс тобының президенті

Владимир Ким – Қазақмыс  тобының  президенті
ашық дереккөзі

Жалпы Владимир Ким компанияда 1995 жылдан бері қызмет етеді және Қазақмыстың бірнеше шағын мыс активтерінің өндірістік бірлестігінен Орталық Азиядағы табиғи ресурстарды өңдейтін интеграцияланған ең ірі компаниялар Тобына айналуына ықпал етті.

2005 жылы Қазақмыс Лондон қор биржасында листингтен ойдағыдай өткеннен кейін Владимир Ким Қазақстан тарихындағы ең алғашқы халықаралық қоғамдық компанияның Директорлар кеңе­сінің төрағасы болып сайланды. Компанияның халықаралық деңгейге шығуы әлемдік мыс өндірушілердің қатарына енуіне және корпоративтік басқару мен қоғамдық есептің сапасын жақсартуына үлкен мүмкіндік туғызды. Сондай-ақ, Топқа кіретін активтердің тиімділігін арттырып, өндіріс ауқымын кеңейту үшін ірі жобаларды ұзақмерзімді қаржыландыруды қамтамасыз етуге серпін берді. Бұдан бұрын белгілі болғандай, акционерлердің әдеттегідей жыл сайынғы өтетін кезекті жиналысында Директорлар кеңесін 8 жыл басқарған Владимир Ким корпоративтік басқарудың халықаралық стандартына сәйкес, өзінің өкілеттілігін тәуелсіз директор Саймон Хилге өткізген болатын. Қазақмыс ПЛС Директорлар кеңесі төрағасы қызметін атқарған Владимир Ким компанияның листингін 2005 жылы Лондон қор биржасына шығарған күннен бас­тап Директорлар кеңесінің мүшесі болып қала береді. Сондай-ақ, ол Қазақмыс Тобының президенті ретінде компанияның әрі қарай дамуы үшін белсенді қызмет атқаруды бұрынғысынша жалғастырып, әлемдік нарыққа таныла түсуіне барынша күш салуда. Мұнымен қатар Топтың стратегиясын өзгерту жөнінде қандай да бір жоспар жоқ. Қазіргі таңда Қазақмыс Тобы Орталық Азия аумағына жалпы сомасы 6 миллиард АҚШ доллары көлемін құрайтын инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыруды қолға алды. Бағдарламаның басымдық бағыты ретінде – Қазақмыстың өндірістік қуатын айтарлықтай деңгейде арттыратын еліміздегі Бозшакөл мен Ақтоғай сынды ірі мыс кен орындарында жұмысты індете түсу қарастырылып отыр.
Қазақмыс Тобының президенті Владимир Ким: «Өткен 8 жылда үлкен белесті артқа қалдырып, биік жетістіктерге қол жеткіздік. Холдингтің өндірістік-интеграциялық қалыптасуын аяқтап, активтерді шоғырландыру арқылы тиімділігін арттырды. Нәтижесінде корпоративтік басқару тетігі жақсарып, халықаралық қаржы нарығына қатысуды жеңілдете түсті. Әрине, осындай жоғары көрсеткіш Қазақмыс компаниясының тран­сформациясын әрі қарай қамтамасыз етіп, ірі жобалардың жүзеге асуы үшін қолайлы қаржыландыруға жол ашты. Бүгінгі өндірістің тиімділігін арттыру және ірі жобаларды өндіріске қосу мақсатында бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. Өз басым компанияның осындай маңызды даму кезеңіне қатысатыныма қуаныштымын. Біз, Директорлар кеңесінің мүшелері ортақ мақсатқа жету үшін бар күш-жігерімізді сарп етеміз», – деп атап өтті.