ТҮЛЕКТЕРГЕ ЗОР МҮМКІНДІК

ТҮЛЕКТЕРГЕ ЗОР МҮМКІНДІК

ТҮЛЕКТЕРГЕ ЗОР МҮМКІНДІК
ашық дереккөзі
266

Апта басында ҚазҰАУ

ISAS-2013 Халықаралық жазғы магистрлік мектебінің ашылу салтанаты аталып өтті. Шара барысында шет елдік қонақтарымыз осы жобаны өздерінің қолдайтындықтарын біл­­діре отырып, сыйлықтарын та­быс етті. 3-16 аралығында өтетін атал­мыш жоба аясындағы жұмыстар мен өт­кі­зі­летін сабақтар: қазақ, орыс, ағылшын тіл­дерінде жүргізілетін болады. Бағдар­ла­ма желісінде магистранттар: «Су ресурс­тарын интеграциялық басқару», «Жасыл экономика», «Азық – түлік және эколо­гия­лық қауіпсіздік проблемалары», «Вете­ринария – биоқауіпсіздік мәселесінде», «Тағам қауіпсіздігін қамтамасыз ету­ проблемалары және міндеттері» тақы­ры­бында дәріс алатын болады. Білім алу­шы­лар тек қана дәріс тыңдап емес, оған қоса іс жүзіндеде сынақ өткізіп, тәжірибе ал­маса алады.

Жазғы мектеп бойынша 12 елдің уни­вер­ситеттерімен қатар еліміздің де бірнеше ЖОО-нан, атап айтар болсақ: Малайзиядағы«Путра» университеті,Санкт-Петербург мемлекеттік аграрлық уни­верситеті, Иркутск мемлекеттік ауыл­шаруа­шылық академиясы,Қырғызстан ұлттық университеті сонымен қатар ТарПИ, ҚазҰТУ секілді еліміздің ЖОО-нан барлығы 22 магистрант іріктелініп алынған.Дәріс оқитынғалымдар даФин­ляндия, Италия, Франция, Чехия, Болгария секілді мемлекеттерден келген білікті мамандар.

Болгария мемлекетінен келген қона­ғымыз Маргарита Филипова: «Білім беру жағынан ҚазҰАУ жаңа бастама бастап отыр, біз де осы бағдарлама бойынша көптеген жобалар қарастырудамыз. Сонымен қатар технологиялар, инновациялық технологиялар жағынан да іс- тәжірибе өткізіп көрмекшіміз, – деді.

Ал ашылу салтанатында сөз сойлеген Тіреуов Қанат

Маратұлы: Жоба әлі 2 жылға жоспарланып отыр. Бұл бастама еліміздегі шешімі әлі де болса табылмаған эколо­гиялық процестердің жобасын тездетуге, мә­селелердің оңтайлы шешімінтабуға оң септігін тигізеді, – деді.

ISAS-2013 Халықаралық жазғы магистрлік мектебінің негізгі мақсаты – қазақстандық білім мен ғылымды Еуропа елдеріне интеграциялауға мүмкіндік беретін, Болон процесінің басты принципі – академи

ялық мобильділікті жүзеге асыру болса, білім курсын бітірген магистранттарға қазақстандық төрт кредитті немесе ECTS бойынша сегіз кредитті меңгергендігін растайтын арнайы сертификат беріледі.

шындығында, Қазақстан жер көлемі жа­ғынан 9 орында тұрса да, жеріміздің асты толған байлық болса да бүгінде шешімі та­был­­май, сананы сансыратып жүрген мә­с­е­лелер қаншама. Жеріміздің байлығы шаш етектен болғандығымен, оны шашып-төгуден кенде қалып жатқанымыз жоқ. Еліміз өркендегенімен біз әлі де болса су қорын, электр энергиясын сақтап, үнемді пай­­далануды үйрене алмай-ақ келеміз. Бұл жоба биылғы жылғы «Жасыл көпір» бағ­дарламасы негізіндееліміздің орман шаруа­шылығының, сондай-ақ тағам мен экологиялық проблемалардың бір жақты болуына септігін тигізер шаралар мен осы мақсат негізінде білім жетілдіріп, өзге елмен байланыс орнатуға да таптырмас мүмкіндік беретін – жоба деген сеніміміз зор.


Нұргүл Маханбетиярова,

ҚазҰУ-дың 1-курс студенті

Серіктес жаңалықтары