Мейірбике ісі: кеше, бүгін, ертең

Мейірбике ісі: кеше, бүгін, ертең

Мейірбике ісі: кеше, бүгін, ертең
ашық дереккөзі

Сондықтан да бүгінде еңбек нарығына қабілетті медицина мамандарын дайындау мен денсаулық сақтау саласының сапасын жақсарту білім беру ошақтарына жүктелген басты міндет.

Айта кету керек, денсаулық сақтау са­ласына енгізілген ұлттық бірыңғай жүйе, сондай-ақ 2011-2015 жылдарға ар­налған «Саламатты Қазақстан» мем­лекеттік бағдарламасы жаңа бағыт­тар­ды қалыптастырып, мейірбике ісінің бәсе­келестігін арттыруға септігін тигіз­ді. Әрі осы салаға қатысты өткір мәсе­лелер Елбасының жыл сайынға ха­лыққа жолдауында айтылып келеді. Осы міндетті орындауға біздің оқу орны­ның да үлесі басым. Алматы Меди­циналық колледжі отыз жыл бойы денсаулық сақтау саласын бәсекеге қабілетті, өз ісін жетік меңгерген мейірбике мамандарымен қамтамасыз етуге күш ф. Бүгінде мейірбике ісін дұрыс жолға қоюдың бір жолы – халықаралық қатынастар арқылы шет мемлекеттермен байланысты да­мы­ту болып табылады. Осы тұрғыда Амс­тер­дам қаласындағы Медициналық орт­алықпен меморандумға қол қойып, кол­ледж аясындағы «Қазақстандағы жұқпалы аурулардың алдын алуға көмек көрсету және емдеу» халық­ара­лық жобасын жандандыруды үлкен же­тістік ретінде санауға бо­лады. Әріп­тес­тіктің негізгі бағыты мейір­бике ісін жетілдіру мен Қазақстан мейір­бикелерін оқыту, даярлау жүйе­сін көпсалалыға айналдыру екені сөзсіз. Атап айтқанда, кіші мейірбике ауру­ды күтуден бастап, ұйымдастыру менед­жеріне дейінгі міндетті, сондай-ақ емдеу мекемелерінде жұқпалы дерт­ті қадағалау жүйесіне мейірбике ісін енгізуді алға қояды. Ал біздің колледжіміз осы жолда 10 жыл бойы эксперименттік аймақ болып белгіленді.

Оқу орын Денсаулық сақтау минстрлігі және шетелдік әріптестер, басқа да көптеген оқу орны тарапынан көпсалалы мейірбикелер даярлау ісі бойынша жоғарғы бағаға ие болды. Яғни, бұл қалалық денсаулық сақтау жүйесінің мейірбике ісін даярлаудағы ең дұрыс реформа ретінде танылды. Бұл дегеніміз мейірбике ісі жөніндегі бас дәрігердің орынбасары, мектептегі денсаулық пункттерінің менеджері, қалалық мейірбике ісін дамыту бағдарламасын жасау қызметтерін енгізумен астасып жатыр. Әрине, бізге артылған үлкен сенім колледждің шығармашылық өмірбаянына, педагогикалық ұжымына ерекше қолдау білдіреді. 

Алматы қаласының мейірбике ісін дамыту мен қалыптастыру әрқашан да ерекше назар аударуды талап етеді. Алматы қаласында алғаш рет 1991 жылы мейірбике ісі жөніндегі бас маман қызметінің штаты тағайындалды. Бұл мейірбике ісіне кәсіби көзқарас танытудың, қоғамдық көрсеткіштің дәлелі іспетті. Екі онжылдық ішінде мейірбике ісіне түбегейлі өзгеріс енді. Мейірбике ісі мен фармацев қызметкерлері өткізген екі съезд де жаңаша леп әкелді. 2000 жылы өткен бірінші басқосуда білім саласындағы стратегиялық тапсырмалар мен мейір­бике ісіндегі тәжірибе анықта­лып, мейірбикелердің ұлттық қау­ым­дастығын құру және халық ден­сау­лығын сақтауға әрі нығайтуға ба­ғыт­талған мейірбикелерді даярлау мәселесі кеңінен сөз болғанды. Ал медицина қызметкерлерінің екінші Ұлттық съезі Республикалық медицина колледжінің директоры, медицина ғылымдарының докторы, Денсаулық сақтау министірлігінің штаттан тыс бас маманы Сұлтан Сейдуманов бастаған педагогикалық ұжымның атсалысуымен өткендігін атап өткен жөн. Бұл іс-шара мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың назарын мейірбике ісіне аударуға және оның дамуына стратегиялық тапсырмаларын анықтауға өз үлесін қосты. 

 Алматы қалалық денсаулық сақтау жүйесінде мейірбике ісі қарқынды түрде дамып келеді. Педагогикалық ұжым бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға күш-жігерін сарқа жұмсауда. Несиелі-модульдік білім беруге ауысу, халықаралық менеджменттік сапа сертификатын алу, оқу жүйесіне инновациалық жүйені енгізу біздің түлектеріміздің бәсекеге қабілетті ортада жұмысқа орналасуына өз септігін тигізіп келеді. Жыл сайын өткізілетін республикалық және аймақтық ғылыми-тәжірибелік студенттер конференциясы, «Республикалық үздік мейірбике» және «Алматы қаласының үздік мейірбикесі» байқаулары мейірбикелерді шыңдай түседі. Қуаныштысы сол, біздің колледждің түлектері байқаудың бас жүлдегері ретінде бір бөлмелі пәтерді жеңіп алды. 

Колледж жанынан құрылған дип­лом­нан кейінгі даярлық орталығы мейір­бикелерге өз жұмыстарын саралап, база­лық білімдерін толықтырып оты­руға мүмкіндік береді. Яғни, біз «Өмір бойы оқып білім ал» қағидасын жүзеге асы­рып келеміз. Жыл сайын орта есеппен 2 мыңнан аса мейірбике мамандары әртүрлі цикл бойынша әрі өзіне ыңғайлы уақытта білімдерін бюджет есебінен жетілдіреді. Осы мақсатқа 2011 жылы республика бюджетінен 22 млн. теңге, қалалық бюджеттен 3 млн. теңге қаржының бөлінуі соның дәлелі. Бүгінгі таңда 800-ге жуық мейірбике жоғары мейірбике білімімен қамтылды. Алматы қаласындағы денсаулық сақтау жүйесінде 80-ге жуық мейірбике жетекшілік қызмет, ал оның 43-і бас дәрігердің мейірбике ісі бойынша орынбасары міндетін атқаруда. 18 мейірбике 24 денсаулықты нығайту орталықтарында басқару жұмыстарында. Тағы бір жайт, қаламыздағы ең ірі клиникадағы қа­был­дау бөлімінің менеджері қызметін жо­ғарғы білімді мейірбике атқарса, респуб­ли­камыздағы бірден-бір мейірбике қамқорлығы ауруханасын бірнеше жыл мейірбике басқарып келген. 

Мейірбикелер мен мейірбике ісін кәсіби дамытудың қоғамдық қауымдастығын құру қызметкерді біріктіріп қана қоймай, мейірбике ісінің сапасын арттыруға, маман­дық­тың беделін көтеруге өз сеп­тігін тигізеді. Алматы қаласында мейір­бикелер қауымдастығы осыдан жиыр­ма жыл бұрын құрылған. Осы ұйымның аясында көп шаруа тындырылды, ол – аттестациялық цикл, конференциялар, тренингтер, жаңа стандарттың енуі және т.б. 

Колледждің ұсынысы бойынша, екі жыл қатарынан денсаулық сақтау басқармасы мен студенттер бірігіп, үш жақты келісім-шарт жасасып келеді. Нәтижесінде студенттер бірден жұмыспен қамтамасыз етілуде. Сонымен қатар республикамызда түлектердің білімі мен мүмкіндігін көрсету үшін тағы бір жоба өмірге келді. Республикалық медицина колледжінде алғаш рет «Үздік түлек-2011» байқауы өткізілді. Оған 17 медициналық колледжден түлектер қатысып, өз шеберліктері мен білімдері бойынша сынға түсті. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» демекші, колледждің түлегі Жанар Жұ­маниязова жүлделі 2-орынды қан­жы­ғасына байлады. 

Алматы қаласындағы мейірбике маман­дарынының жұмысын жандан­дыру шарасын ұйымдастыру денсау­лық сақтау басқармасымен бірлесе жүргізілуде. Осы тұрғыда мектеп түлектеріне колледж жұмысын таныстыруды психологиялық тест арқылы жандандыру; дипломға дейінгі жұмысты жандандыру; несиелі – модульді оқыту жүйесін енгізу; «Колледж – медициналық ұйым» атты оқыту – клиникасын құру; алғашқы медицина – сани­тарлық көмек көрсетуде мейір­бике қызметінің жүйесін дәрі­гер – мейірбике қатынасына өзгер­ту; мейірбике ісі жұмысын жан­дан­дыратын ұлттық сарапшылар тобын құ­ру басты түйткілге айналды.