Көк Жайлау тақияға тар келді ме?

Көк Жайлау тақияға тар келді ме?

Көк Жайлау  тақияға  тар келді ме?
ашық дереккөзі
264

Алайда бұл жобаның іске асуына оның үкіметтік емес әріптестері қарсылығын білдірді. «Табиғат» қорының төрағасы Мэлс Елеусізов «Курсив» газетіне берген сұхбатында министр сөзінің қате екенін айтты. 

«Егер жобаны жақсылап жасап, оң қырынан келсек, онда мұндай жобалар экожүйені жақсартады және ел экономикасына пайдасын тигізеді. Сондай-ақ бұл жасыл экономиканың бір бөлшегі», – дейді Қаппаров Алматы әкімшілігінде өткен жиында. Сонымен қатар министрдің пайымдауынша, бұл демалыс орны Алматы қаласы үшін ұтымды мүмкіндік пен жаңа индустрияны дамытудың жолы болмақ. Алайда үкіметтік емес экологияны қорғау ұйымдары бұл жобаның жергілікті мекенге пайдасынан зияны көп деп отыр. Өйткені Көк Жайлау жартастары тік болғандықтан құрылыс жүргізудің өзі табиғи апатқа әкелуі мүмкін. 

«Бұл жерде сирек кездесетін өсімдіктер өседі. Спорт және туристік нысандар тау баурайының аумағын бұзады. Біздің шенеуніктердің бір ғана мақсаты бар. Ол – жерді сатып тыну. Бір әттеген-айы, біздің халық бұл мәселеде енжарлық танытады, ал басшылық мұны пайдаланады», – деп пікірін білдіріпті эколог мырза. 

Ал Көк Жайлау тау-шаңғы демалыс орны 2016 жылы ашылады деп жоспарланған. Бұл айтулы жобаны жүзеге асыру үшін 2 миллиард доллардай қаражат керек. Оның жартысын мемлекет бөлсе, қалған қаржысын инвесторлар өз мойнына алады. Мемлекет тарапынан қолдау тапқан бұл жобаның салынбай қоймайтыны айдан анық. 

Серіктес жаңалықтары