КИЕЛІ МҰРАМЫЗҒА ТАҒЗЫМ

КИЕЛІ МҰРАМЫЗҒА ТАҒЗЫМ

КИЕЛІ МҰРАМЫЗҒА ТАҒЗЫМ
ашық дереккөзі
275

 

«Киелі мұрамызға тағзым» рес­пуб­ли­калық акциясының аясында Ұлы Абай мұ­расын көпшілікке таныту, оның әдеби ортасын, шәкәрімтану, мұхтартану, алаштану мәселелерін өскелең ұрпаққа насихаттау, Абай әлемі арқылы жастарға патриоттық рух беріп, рухани тәрбие беру мақсатында ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстелдің ашылу рәсімін мо­де­ратор

– «Нұр Отан» ХДП ШҚОФ тө­ра­ғасының бірінші орынбасары Т.Тү­сіп­беков ашты. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің гума­ни­тарлық-заң факультетінің деканы, про­фес­сор А.Еспенбетов, Абайдың қорық-мұра­жайы­ның директоры, доцент Ж.Әубәкір, Республикалық «Абай» қорының президенті Б.Ерсалимов, «Абай» журналының редакторы, ақын М.Оспанов, Семей қалалық «Жас Отан» Жастар қанатының белсенді мүшесі О.Соғымбайға сөз берілді. Дөңгелек үстел пікірлермен алмасты. «Ақындар орталығының» бастығы Д.Омарбаева, Білім бөлімінің әдіскері Н.Байсарина, Өскемен қаласының «Абай және ХІ ғасыр» халықаралық клубы филиалының президенті Л.Абдыгалиева, №16 орта мектептің тәрбие ісінің меңгерушісі Г.Кунафина «Абайтану» жөніндегі ойларын ортаға салды. Дөңгелек үстел Т.Түсіпбековтің салиқалы қорытынды сөзімен аяқталды.

Абай қорық-мұражайы мен «Нұр Отан» Шығыс Қазақстан облыстық филиалы ұйымдастырып отырған «Абайды танып, біл!» акциясы арнайы партиялық жобасы түрлі жаңа іс-шаралардың пайда болуына және көкейкесті мәселелерді шешуге ықпал тигізері сөзсіз.

Аталмыш шараларға абайтанушы ғалымдар, қаланың құрметті ақсақалдары, Семей  қаласының Білім бөлімінің өкілдері,  музейдің қызметкерлері, «Нұр Отан» ХДП ШҚОФ өкілдері, Семей қалалық «Нұр Отан» ХДП филиалы «Жас Отан» Жастар қанаты, қаланың зиялы қауымы, БАҚ  өкілдері қатысты.

Салтанат Мұқатаева,

Абай қорық-мұражайының

ғылыми хатшысы

Серіктес жаңалықтары