Ескерткіштерге тәу етті

Ескерткіштерге тәу етті

Ескерткіштерге  тәу етті
ашық дереккөзі

«Киелі мұрамызға тағзым» акциясы қазақстандықтардың ұлттық санасының қалыптасуына, сондай-ақ тарихи және мәдени ескерткіштерге құрметпен қарауға тәрбиелейді.

Акцияға «Нұр Отан» партия­сы­ның өкілдері және жергілікті атқарушы органдардың, жастар ұйымдарымен бірге үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері де қатысты. Іс-шараға қатысушылар Қа­расай ауданының тарихи-өлкетану мұ­ра­жайына бару, Аңырақай шайқасының ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, Сүйінбай Аронұлы мен Жамбыл Жабаевтың мұражайларына табан тіреді. Алматы облысы аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштерге тәу ету үшін жолға шыққан қауымға «Нұр Отан» ХДП Әуезов аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Бекқали Торғаев мырза: 

– Тарихи-мәдени ескерт­кіш­те­ріміз бен мұражайларымыз ел тәуелсіздігінің басты белгісі. Кеңес заманында ел бастаған хандарымызды, бар өмірін ат үстінде өткізіп, ел қорғаған батырларымыз жа-йында өте аз білуші едік. Ата-баба ерлігі санадан өше бастаған сәтте тәуелсіздік таңы атып, өш­кеніміз қайта жанғаны анық. Өткен тарихымызбен қайта қауышып, батыр­лары­мыздың ерлік пен өрлікке толы ерлік істерін кеңінен дәріптейтін күнге де қол жеткіздік. Тәуелсіздік жылдары мемлекет басшысы Нұрсұлтан На­зарбаевтың бастамасымен еліміздің әр аймағында көптеген тарихи-мәдени ескерткіштерді тұрғызып, өткенге салауат айттық, – деді ол.