АУЫЛДАҒЫЛАР АРМАНДАЙТЫН «АГРОБАНК»

АУЫЛДАҒЫЛАР АРМАНДАЙТЫН «АГРОБАНК»

АУЫЛДАҒЫЛАР АРМАНДАЙТЫН «АГРОБАНК»
ашық дереккөзі
211

Үкіметтің кезекті отырыстарының бі­рінде еліміздің ауылшаруашылығы ми­нис­трі Асылжан Мамытбеков көптен бері қаузалып жүрген «Агробанк» мәселесі туралы пікірін білдірді. Айтуынша, банк туралы заңнамаға өзгеріс енбей, ондай қаржы ұйымын құру бос сөз.

Оңтүстіктің шаруалары үшін «Агро­банк­тің» тиімділігі неде? «Агробизнес-2020″ бағдарламасына сәйкес, еліміздегі ауылшаруашылығын қаржыландыру көздері үстеме пайызды 7-ден асырмайды. Шаруаның шатқаяқтап қалмауы үшін бұл, әрине, жақсы. Дегенмен, кепілзат қою мәселесінде коммерциялық банктердің талабы күшті. Ал егер «Агробанк» құрылар болса, бұл түйткіл оң шешілер еді деп санайды ауыл шаруашылығы басқармасының өкілдері.

Әзірге, «Агробанк» идеясы жоба негі­зін­дегі жоспар. Егер осы іс тезірек қолға алынар болса, Оңтүстіктегі көп шаруа қаржы алып, ісін жолға қойып алар еді. Мамандар да мұны қуаттап отыр. Айта өткен жөн, күнгейдегі өңірде 70 мыңнан аса шаруа қожалықтары бар.

Асылжан Мамытбеков, ҚР Ауылшаруашылығы министрі:

«Қолданыстағы заңға сәйкес, елімізде «Тұрғынүй Құрылыс Жинақ Банкінен» басқа ешқандай да мамандандырылған банк құрылмауы тиіс. Және жаңадан құрылмақ «Агробанк» барлық активін ауылшаруашылық саласына бағыттауы міндетті емес. Өзге де, шаруашылыққа жақын салаларды қаржыландыра алады. Сондықтан да заңға осы мәселе жөнінде өзгеріс енсе, аграрлық банк құру ісін дұрыс қолға алар едік».

Низамиддин Пірманов, ОҚО ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары:

«Әсіресе, ауылдық жерлердегі саман қыштан тұрғызылған үйлерді, ауылдық жерлердегі бағасы төмендеу, орталықтан қашықтау жерлердегі қора-қопсы, не болмаса, барлық жылжымайтын, жылжитын мүліктерді алуда банктер өте төменгі деңгейдегі пайыздарды қойып, өзінің нақты құнынан 10 есеге дейін төмен бағалап, болмайтын қаржы ұсынады».

Дайындаған

Дәурен ӘБДІРАМАНОВ
Оңтүстік Қазақстан облысы

Серіктес жаңалықтары