Еліміздің ертеңі – тіл

Еліміздің ертеңі – тіл

Еліміздің  ертеңі – тіл
ашық дереккөзі
307

Халықта тілден асқан байлық жоқ. Оның тарихы, тағдыры, мінезі, рухани құдіреттілігі – барлығы тіл арқылы көрінеді. Бала күнімізде осы ғажайып дүниені тануды, оны білуге деген ынтамызды тілдің көмегі арқылы ғана іске асырамыз. Тілсіз ешбір халық дамып жетіле алмас еді. Себебі, тек сөйлесу барысында адам өзара түсінушілікке қол жеткізе алады. Міне, сондықтан да тілдің, сөздің маңызы зор. Бір сөз ғана адамды бақытты етсе, бір сөз оның өмірін бұза алады. Кейде тілімізді бұрмалап, ешбір сөздікте таба алмайтын сөздерді қолданып сөйлейтін адамдарды көргенде, қалай қиналмайсың. Туған тіліне, елемей қарайтын адамдар құрметке лайықты емес. Мұнда жағдаймен бізге, тілін сүйетін адамдарға ауыр тиеді. Туған тілін білмей, туған елінің топырағымен жүруге болмайды!

Қазақ тілі – қазақ даласындай бай. Оның әр сөзі жаныма сондай жақын. Туған тілімнің әр дыбысы өзге елдің ең көркем әнінен де әуенді. Қазақ тілі қайталанбас тіл. Мен үшін одан сұлу тіл жоқ. Ол біздің, қазақ халқының ең бірінші байлығы. Қадыр мырза Әли:

Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте, – деп айтқан. Қанша тілді білсең де, туған тілің бәрінен де жоғары тұру керек. Елбасымыз да туған тіліміздің жағдайы туралы толғанып жүргені, «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде», «Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы» деген сөздерінен анық көрінеді. Шынында да еліміздің болашағы тілімізде. Дегенмен, сол болашағымыз қандай болмақ? Біздің тіліміздегі өзекті мәселе – кейбір қазақтардың орысша сөйлеуі, тілдесу барысында орыс тілін қолдануы. Оны былай қойғанда қазақ тілін білмей, өзін қазақ дейтіндер қаншама. Жастарымыздың туған тілін дұрыс білмеуі – біздің бас­ты кемшілігіміз. Еліміздің басты байлығы – тіл. Осы байлығымызды жоғалтсақ, аталарымыздың бізге қалдырған екінші мұрасы – жерімізді де жоғалтамыз. «Отанды сүю отбасыдан басталады» демекші, ата-аналарымызбен, туыстарымызбен, дос­тарымызбен ана тілінде сөйлессек, тіліміз одан әрі күшейе түсетіні сөзсіз. Тіл байлығымызды сақтайық!

Серіктес жаңалықтары