Ұлттық нақышта өткен ауызашар

Ұлттық нақышта өткен ауызашар

Ұлттық нақышта өткен ауызашар
ашық дереккөзі
314

Ұлық мерекедегі ауызашар дастарқаны ұлттық нақышпен өтті. Тәрбиелік мәні мол ғибратқа толы терме-жыр мен толғаулар орындалып, сүбелі ойлар айтылды һәм бейнефильм көрсетілді. Белгілі актер, дін жанашыры Бекжан Тұрыс сәні мен салтанаты жарасқан мерекелік ізгі шараның шырайын келтіре шеберлікпен жүргізді. Ауызашарда Кеңес Аухадиев, Сұлтан Сартаев, Мұрат Жұрынов сынды біртуар батагөй тұлғалар қасиетті Рамазан айының артықшылықтары жайлы ойларын ортаға салды. 

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазірет ел мұсыл­мандарын Рамазан айымен құт­тық­тап, оразаның теңдессіз сауабы мен Алланың ауыз бекіткен адамға нәсіп етер нығметтері жайлы насихат айтты. Бас мүфти тәуелсіздіктің қадірін сезінуге үндеді.  

«Құрметті қонақтар, біз бүгінде қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған бейбіт заманда өмір сүріп отырмыз. Егемендігімізді баянды ете түсу үшін әрбір азамат еліміздің болашағына, жастарымыздың келешегіне елеңдеуі тиіс. Осынау жауапкершілік жүгін сезіну үшін адамға ең әуелі имандылық ауадай қажет. Имандылық болмаған жерде арсыздық белең алады. Ендеше, Рамазан айында ұсталған ораза – әрбір адамның өз бойындағы қате-кемшіліктерін жойып, жақсылыққа ұмтылуға тәрбиелейтін ұлы құлшылық. Алла тағала оразамызды қайырымен қабыл еткей! Тәуелсіздігіміздің тұғыры мен еліміздің еңсесі биік, жастарымыз жігерлі болғай! Жаратушы Иеміз халқымызға берекетін жаудырғай!», – деп дұға жасады Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Серіктес жаңалықтары