Отандық өнім өрістеп келеді

Отандық өнім өрістеп келеді

Отандық өнім өрістеп келеді
ашық дереккөзі
785

Соның бірі – «Қазақстан Қағазы» компаниялар тобы өзінің жарты жылдық аудиттелмеген қаржылық нәтижелерін жария етті. 

Орталық Азияда қағаз, буып-түйетiн өнiм және гофрокартонды өндіретін ең iрi өндiрушi бүгінде құлашын кеңге сермеген. Компания қайта өңдеген макулатурадан гофроматериалдарды, гофрокартонды және буып-түйетiн өнiмдерді өңдеп шығарады. Бұл макулатураны жинаудан бастап, гофроқораптарды шығаруға дейін толық өндiрiс оралымы бар интеграцияланған бизнес. 2001 жылы негізі қаланған «Қазақстан Қағазы» қағаз өндірісі елдегі ең ірі болып табылады және ол шынымен де «жасыл» деп айтуға лайықты. Осы уақыт ішінде компания қағаз өнімі және қаптама өндірісінде, сондай-ақ қойма және логистика кәсібі саласында көшбасшы индустриялық компаниялардың бірегей тобына айналды. 

«Қазақстан Қағазы» тобының 2012 жылдың бірінші жарты жылдығында таза табысы 40, 6 млн. АҚШ долларына жетсе, ЖІӨ 18,6 млн. АҚШ долларын құраған. Сондай-ақ қағаз және картон өндірісі ағымдағы жылдың алты айында 26,8 мың тоннаға артыпты. «Қазақстан Қағазы» АҚ-ның бас директоры Томас Матеос Вернердің айтуынша, бүгінде компания украиндік, ресейлік қағаз және картон өндірушілермен бәсекелесе алады. Ал компанияның қаржы директоры Аида Елгелдиева былтыр ғана «GoingGreen» жобасын іске қосу және 5 тастанды қағаз қабылдау пунктін ашу

РЕАК компаниялар тобының жаңа web-сайтын іске қосылғандығын айта кетті. Бұл шараның аясында тастанды қағазды жинау бойынша ең үздік экологиялық жоба бойынша «Ағаштарды сақтайық!» конкурсын өткізу арқылы «Kagazy Recycling» ЖШС-нің «Еуропалық Горфокартон өндірушілер федерациясы» (FEFCO) Халықаралық қауымдастығына енуі үлкен жаңалық болды. Бір айта кетерлігі, компания өз акцияларын Лондон Қор Биржасының бас алаңында орналастырған Қазақстан экономикасының индустриялық секторынан шыққан бүгінгі таңдағы жалғыз Компаниялар тобы.

100 пайыз макулатурадан өнім шығаратын компанияның тауарына деген сұраныс Өзбекстанда, Қырғызстанда және Тәжікстанда артып келеді. Мұнымен қоса Ресей мен Қытайдан да өзара ұсыныстар түсіп жатқан көрінеді. Ал дайын өнімнің 95 пайызы Қазақстандағы басқа да компанияларға жол тартады екен. Сондықтан да компания басшылары халық кез келген қағаз және картон өнімін тастай салмай, арнайы қабылдау пункттеріне өткізсе деген өтінішін айтады. Бұл жыл сайын қайта өндірілетін 50 мың тонна макулатураның қорын көбейтіп отыратыны сөзсіз. Қазірдің өзінде еліміздің 19 қаласынан макулатура келіп түседі екен.  

Айта кету керек, Алматы облысы, Қарасай ауданы тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз етіп отырған «Қазақстан Қағазы» компаниясында 1200-дей адам жұмыс істейді. Осы тұрғыда былтырғы бюджет қоры 7,5 млн. АҚШ долларына жетіп жығылған.    

Динара Мыңжасарқызы

Серіктес жаңалықтары