Бакуде «Қазақ вальсі» қалықтады

Бакуде «Қазақ вальсі» қалықтады

Бакуде  «Қазақ вальсі»  қалықтады
ашық дереккөзі
208

 

Әзірбайжан республикасының
 жастар және спорт министрлігі ұйымдастырған көрнекті де ауқымды шараға
Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғыз Республикасы және Түркия мемлекетінен өнер
жолында жүрген дарынды жастары қатысты.  

Вокал, би, эстрадалық
орындаушылық шеберлігі, сән, фотосурет және қолданбалы өнер салалары бойынша
Мүслім Магомаев атындағы мемлекеттік филармонияда өткен фестиваль талантты жастардың
қатысуымен ұйымдастырылған гала-концертке ұласты. Бакудегі концерттен соң
журналистерге берген сұхбатында Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының түлегі,
дарынды жас әнші Айым Қоғамова аталмыш шараның халықтар достығын нығайтуда,
түркі тілдес мемлекеттердің ұлттық мәдениетін өркендетуде үлкен маңызы бар
екендігін атап өтті. «Әзірбайжандағы Түркі халықтары жастарының өнер
фестиваліне Қазақстаннан жиырма өнерпаз қатыстық. Өзім бұған дейін Корея,
Ресей, Түркия, Болгария, Қырғыз Республикасы, т.б. мемлекеттердің сахналарында
өнер көрсеткенмін. Әзірбайжанға қанша уақыт өтсе де халықтың жүрегінен өшпейтін
Латиф Хамидидің «Қазақ вальсі» әнін әкелдім. Бакуліктер Қазақстан делегациясын
зор қошеметпен қарсы алды. Фестивальдің ашылуында алғашқы боп өнер көрсету
мәртебесі де бізге бұйырды. «Қазақ вальсі» орындалғанда көрермендер орындарынан
тұрып, қошеметтеп ұзақ қол соқты. Әзірбайжан Республикасының жастар және спорт
министрі А.Азадов  маған салтанатты түрде диплом тапсырғанда қазақ ән
өнерінің мәртебесі қашанда биік екендігін сезіндім. Қазіргі таңда эстрада
әлеміндегі дарынды жастармен қатар әннің шырқын бұзып, әсерсіз дүниелердің
басын қосып айтып жүргендер көп екені жасырын емес. Бірақ шет ел қазақты
қашанда ұлттық болмысын танытатын әуезді де сырлы әндерімен ғана қабылдайды. Бұған
Бакудегі фестивальге қатысқандардың көзі анық жетті», – деді Айым Қоғамова. 

«Түркістан-ақпарат»

Серіктес жаңалықтары