Тұлпардың тұяғы еді

Тұлпардың тұяғы еді

Тұлпардың тұяғы еді
ашық дереккөзі
308

Сол топтың ішіндегі бірегей тұлға – көрнекті ғалым, филология ғылымының докторы, профессор, Ыбырай Алтынсарин және Жамбыл атындағы халықаралық сыйлықтардың лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері ­– Садырбаев Сұлтанғали ағамыз еді.

Осы тамыз айының басында бақи дүниеге озған Сұлтанғали ағамыз өзінің фольклортанушылық, әдебиет­зерттеушілік, педагогтық және қаламгерлік қызметімен бүкіл қазақ халқы мен ТМД елдері аумағына белгілі болған адам. Қазақ фольклорының тарихи негіздері мен нұсқаларын ғылыми жүйеге түсіру, халық арасында сақталып келген айтыс ақындарының еңбектерін жинастыра отырып халық мұрасына айналдыру және оларды өзі өмір бойы қызмет істеп келген әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде тәлім алып отырған мыңдаған шәкірттерінің көкейіне терең білім етіп орнықтыру –­ ғалым өмірінің ең басты мұраттарының бір болды.

Сұлтанғали Садырбаев ха­лық әдебиетін зерттеу саласында данышпан тұлға – Мұхтар Әуезов шәкірттерінің бірі болатын. Жайнаған жас шағында ол Мұхаңмен бірге қызметтес болды, көп жылдарын бірге өткізді, данышпан жазушыдан өте мол ғылыми тағлым алды.

Сұлтанғали аға, сондай-ақ, сүйінбайтану және жамбылтану ғылыми мектебінің негізін қалаған зерттеушілерінің біреуі. Сұлтанғали Садырбаев – қазақ даласында тік кесіп, тура сөйлеуімен аты шыққан, қазақ-қырғыз бір кісідей түгел мойындаған даңқты Аронұлы Сүйінбай ақынның тікелей шөбересі.

Жаратушы Алламыздан бақи дүниеңізде сізге жәннатты мәңгілік мекен етіп бере гөр деп сұраймыз, жан аға!

Мүсілім Дайырбеков, Қазақстан Республикасының құрметті дәрігері, «Шипа-дент» АҚ-ның президенті;

Марал Ысқақбай, жазушы, Қазақ авторлар қоғамының төрағасы;

Ерболат Төлепбай, академик, Қазақстанның халық суретшісі, С.Дали атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты;

Әшірбек Көпішев, жазушы, «Өнер» баспасының директоры;

Серік Қонақбаев, бокстан олимпиада жүлдегері, Қазақстан бокс­шылар ассоциациясының құрметті мүшесі;

Рада Тұяқбаева, белгілі кәсіпкер, «Раллы» ЖШС-нің бас директоры;

Айсұлу Қадырбаева, жүлдегер ақын;

А.А.Ментаев, заңгер;

Тұрсын Ысқақ, стоматолог, ҚР-на еңбегі сіңген дәрігер.

Серіктес жаңалықтары