БАЙБЕКТІ ПРЕЗИДЕНТ ҚАБЫЛДАДЫ

БАЙБЕКТІ ПРЕЗИДЕНТ ҚАБЫЛДАДЫ

БАЙБЕКТІ ПРЕЗИДЕНТ  ҚАБЫЛДАДЫ
ашық дереккөзі
348

Бауыржан Байбек партияның «Қазақстан – 2050» Стратегиясын түсіндіру және жүзеге асыру жұмыстары туралы, «НұрОтан» ХДП XV съезіне дайындық барысына қатысты есеп берді. Бірінші
орынбасар Саяси доктрина жобасының да­йын екенінен хабардар етті.

Бауыржан Байбектің
айтуынша, «Нұр Отан» ХДП жұмысының аясы кеңейтіліп, тиімділігі арта түскен.
«Сіздің тапсырмаңыз бойынша, «Нұр Отан» ХДП қоғамдық қабылдауында, министрлер,
депутаттар орталықта және жергілікті жерлерде азаматтарға жеке қабылдаулар
жүргізді. Бірінші жартыжылдық қорытындысы нәти­жесінде қоғамдық қабылдаудағы
өтініштер саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 75 пайызға артты, бұл
азаматтар тарапынан сенім арта түскенінің дәлелі», – деді ол.

Жақында «Нұр Отан»
ХДП-ның бастамасы бойынша Демократиялық күштердің жалпыұлттық коали­циясының
отырысы өткен болатын. Оның қорытындысында жетекші саяси партиялар мен қоғамдық
бірлестіктер елімізде жүргізілген жергілікті өзін-өзі басқару және
әкімшілендіру жүйесі реформаларына қолдау білдірді.

«Жалпыұлттық
коалицияның отырысы барысында біз барлық партиялармен сайлаудың ашықтығы және
заңдылығы туралы мониторинг жасау, оларға жергілікті  маңызы себебінен
партиялық тұрғыдан басымдық берілмейтіні жөніндегі уағдаластыққа қол жеткіздік.
Жалпы айтарлықтай тәртіп бұзушылықтар тіркелген жоқ, халық сайлауды жақсы
қабылдады» – деді Б.Байбек.  

Бұдан бөлек, «Нұр Отан»
ХДП Жоғары партия мектебі Саяси менедж­мент мектебі болып қайта құрылды. Бұл
мектепте 200 мыңнан астам партия мүшесін біріктіретін бастауыш партия
ұйымдарының басшылары оқып, біліктіліктерін шыңдады.

Қабылдау барысында
мемлекет басшысы партия алдына қойылған міндеттерді одан әрі іске асыру жөнінде
бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Көлбай ЖЕҢІС

Астана

Серіктес жаңалықтары