Өңірді дамыту ауылдан басталмақ

Өңірді дамыту ауылдан басталмақ

Өңірді дамыту ауылдан басталмақ
ашық дереккөзі
457

Алайда ауылдың дамуы, ауылдағы жарық, су және жолдардың жағдайы мүшкіл күйінде қалып келеді. 

Бірақ кеше селекторлық Үкімет отырысында Премьер-Министр Серік Ахметов «Өңірлерді дамыту» бағдарламасына ауылдық жерлерді дамытуға арналған жеке бөлімді қосуды тапсырды.

Өңірді дамыту – ауылдан басталуы тиіс. Сондықтан ауылдың жағдайын түзетіп, инфрақұрылымды дамыту үшін ауыз су, жол қатынасы, мектеп пен аурухана, халықты жұмыспен қамту мәселелерін шешу керек. «Ауылдағы инфрақұрылымды дамытуға байланысты бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр. Осыған байланысты айтылған ұсыныстарды қолдай отырып, мынандай тапсырма беремін: Өңірлік даму министрлігі тиісті мемлекеттік органдармен және облыс әкімдерімен бірлесіп, биылғы 1 қарашаға дейін «Өңірлерді дамыту» бағдарламасына өзгерістер енгізіп, оған «Ауылдық аумақтарды дамыту» деген жеке бөлімді қоссын. Жаңадан сайланған әкімдер мен жергілікті өзін-өзі басқару мемлекеттік функцияларды қайта бөлу мәселелері бойынша әдістемелік және түсіндіру жұмыстары жалғастырылсын», – деді С. Ахметов.

«Ал жаңа сайланған әкімдерге тиянақты жұмыс жасауға барлық жағдай қарастырылған, ендеше ауылдардың бұдан әрі дамуы әкімдердің жұмыс нәтижесіне тікелей байланысты», – деді Премьер-министр. 

– Бұл мәселеге Үкімет тарапынан назар аударып, жүйелі жұмыс жасаудамыз. Бүгінгі таңда дамуға тірек болатын 516 ауыл белгіленді. «Агроөнеркәсіп» кешені бағдарламасы аясында ауыл тұрғындары жұмыспен қамтылуда», – деп қорытындылады сөзін Серік Ахметов. 

А. Омарғазы 

Серіктес жаңалықтары