ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ ЖАҢА ҚЫРЫ

ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ ЖАҢА ҚЫРЫ

ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ ЖАҢА ҚЫРЫ
ашық дереккөзі
231

Әсіресе, келешегіміз – жас ұрпақтың өмір сүру салтына, салауатты өмір салтына байланысты айтқан пікір-ұсыныстары мен жастар саясатына қамқорлығы ерекше. Осы ретте, республикамыздың  облыс орталықтарында әр сала бойынша белгілеп берген бағдарламалар талқыланып, жүзеге асырылуда.

Осындай шаралардың бірін «Нұр Отан» ХДП Алға аудандық филиалы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ белсенділері ұйымдастырды. №3 Алға қазақ орта мектебінде «Саламатты өмір салтын қалыптастыру» шарасына қаладағы №№1,2,3,4 мектептері мен индустриалды техникалық колледж оқушылары қатысты. Аудандық орталық ауруханасының саламатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі дәрігері Т.Сәтен, нарколог дәрігер Қ.Нұрғалиева және аудандық дене шынықтыру спорт білім бөлімінің әдіскері Қ.Бошанова, Г.Наурызова жастарға саламатты өмір сүрудің қыр-сырлары, өміріміздегі спорттың, дене шынықтырудың пайдасы туралы сыр бөлісе келе,  оның маңыздылығына ерекше тоқталып, жастарды спортпен үнемі шұғылдануға шақырды. Түрлі дене жаттығуларының денсаулыққа пайдасы, бүгінде жастар арасында көптеп кездесетін тыныс алу жолдары ауруларына арналған денешынықтыру жаттығуларымен қоса, адам ағзасының  күнделікті дұрыс тамақтануы да көп әсерін тигізетініне тоқталды. Бүгінде қоғамды жайлап жатқан есірткінің, тіпті темекі мен ішімдіктің адам ағзасына тигізер зияны, ауыр қасіреттерге әкелетіні жайлы нарколог-дәрігердің пікірлері жастарымызға үлгі болары сөзсіз. Осы тақырыптарға байланысты қатысып отырған жастардың ой-өресін, білім деңгейін, өмірге деген көзқарастарын байқау мақсатында шараға психолог мамандар да қатысып отырды. 

– Елбасымыз әр жолдауында ерекше назарда ұстап келе жатқан жас­тар саясаты, жастардың тәлім-тәрбиесі мен алғырлығы, білімге деген құштарлығын оятып, болашаққа  мәнді де сәтті бағыт-бағдар беру – біздің келелі міндеттеріміз екені қадап-қадап айтылады, – деді  «Нұр Отан» ХДП Алға аудандық филиалының төрағасы Исламғали Құбайдоллаұлы. 

– Біз де осы үрдістен табылып,  игі шаралардың ұйытқысы болуымыз керек. Бүгінгі шара да сол бастаманың, бағыт-бағдардың жемісі болса керек, – деп түйіндеді өз сөзін. 

                     

Шыңғыс Нұрғалиұлы

Ақтөбе облысы,

Алға ауданы 

Серіктес жаңалықтары