ЕГІНГЕ ОРАҚ ТҮСТІ

ЕГІНГЕ ОРАҚ ТҮСТІ

ЕГІНГЕ ОРАҚ ТҮСТІ
ашық дереккөзі
266

Осы шарада қала әкімі Нұрлыбек
Нәлібаев ауыл шаруашылығы саласының мамандарымен, ауыл тұрғындарымен кездесіп,
дихандардың еңбегіне сәттілік тіледі. Сондай-ақ, Елбасының тапсырмасымен Үкімет
тарапынан жыл сайын ауыл шаруашылығы саласына қаржылай қолдау көрсетіліп
жатқандығын, биылғы жылы да қаланың шаруашылық тауар өндірушілеріне көктемгі
және күзгі егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жанар-жағар май,
минералдық тыңайтқыштар, пайдаланатын судың құнын арзандатуға арнайы субсидия қаралғандығын
жеткізді. 

«Биыл қаламыз үшін үлкен мереке. Ырысты,
күрішті өлкеміздің бас қаласы – Қызылорданың іргетасы қаланғанына 195 жыл
толды. Егін жинау науқанының қорытындысымен біздің дихандарымыз қалалықтарға
күзгі ырзықты молынан тарту етеді деп сенеміз», – деп тағы бір түйді.

Биыл қалаға қарасты
шаруашылықтарда 2377 гектар күріш егілген болатын. Мамандардың пайымдауынша,
дән өсіміне ауа-райы қолайлы болды, ендігі жерде алынатын өнім де жақсы болуы
тиіс.

Қуат Шарабидинов

Қызылорда облысы

 

Серіктес жаңалықтары