Сыздықова енді шешіне ме?

Сыздықова енді шешіне ме?

Сыздықова енді шешіне ме?
ашық дереккөзі
233

 

Бүгін «Нұр Отан» ХДП мүшелігінен бұрынғы мәжіліс
депутаты Бақыт Сыздықова мен Білім және ғылым вице-министрі болған Саят
Шаяхметов партия мүшелігінен шығарылып, билеттерін қайтарып берді.

Мұндай шешім «Нұр Отан»
партиясының Саяси кеңес бюросы мен партиялық бақылау комитетінің бірлескен
мәжілісінде қабылданды. «Нұр Отан» партиялық бақылау комитетінің Астана қалалық
филиалының төрағасы Дәулеткерей Рахметуллиннің айтуынша, 2008 жылдың 12
қарашасында «Нұр Отан» ХДП ҚБ №18 «Уақытша қаржылай көмек көрсету» келісімі
негізінде Бақыт Сыздықова төрағалық еткен «Қазақстанның болашағы үшін» Жастар
қозғалысы» қоғамдық бірлестігіне жедел түрде қайтарылатын шартпен 7 млн. теңге
көлемінде қаржылай көмек көрсетілген. Бұл қаржы келісім шарт негізінде 2009
жылдың 1 қаңтарына дейін қайтарылуы тиіс болған. Әрі әр күнге төленетін
айыпппұл құны 0,1 пайызды құраған. Ал қарызды дер кезінде қайтармағандықтан,
айыппұлмен қоса алғанда 15 млн. теңгеге жетіп жығылыпты. Сорақысы сол, Бақыт
Сыздықова келіп түскен ескертулерді елеместен, қарызды уақытында төлеу
міндетіне немкетті қараған. Ол ол ма, өзін «жастардың
жанашырымын» деп есептейтін ханым демократиялық партияның ішкі тәртібін
сақтамағаны үшін, мүшелік салықтарды төлемегені үшін де айыпқа тартылып отыр. Мұның бәрі партияның
орталық қадағалау комиссиясы өткізген аудит тексерісінен кейін мәлім болды. Алайда, 1999 жылдан бері «Нұр Отан»
партиясының белсенді мүшесі болып табылатын Сыздықова 7 млн. теңгені жедел
түрде қайтарса, партия айыппұл мәселесін оңды шешуі мүмкін.

Ал бұған байланысты Бақыт
Сыздықова өзінің Твиттердегі парақшасында: «Бұл жаңалықты естіп, шок болдым.
Бірақ мені партиядан шығарса да, менің жүрегімнен партияны өшіре алмайды. Қазір
арнайы есеп жасап, жауап беруге дайындалып жатырмын. Өзімнің кінәсіз екенімді
дәлелдеймін, шындық менің жағымда!» деп жазыпты.

Шетелдің аты шулы биін билейміз деп оқудан
қуылған қарағандылық қос студентке қолдау білдірмек болған Сыздықованың шенеуніктерді «Гарлем шейк»
билеуге шақырғанын ешкім ұмыта қойған жоқ. Жастардың ортасында даңғаза әуенге
билеп жүрген қазақ қызының бұл әрекеті жұртқа ерсі көрінген. Ал оның мектеп оқушыларының жыныстық тәрбие жағынан олқы соғып
жатқанына күйзеліп, оларды бұл тұрғыда тереңірек оқытуға шақырғанын қалай
түсінесіз? Жыныстық қатынасты мектеп табал-дырығында жүйеге келтіруді жан
тәнімен қолдайтын қазақ қызы бір сұхбатында: «Мен қазір де құмарлық сезімнің
құрбанымын. Жалпы менің ойымша, біз жастарды мектеп жасынан бастап-ақ, махаббат
пен жыныстық қатынасқа тәрбиелеуіміз керек» деп жауап беріпті. Ол аз десеңіз
оқушыларға алдымен қалам ұстап жазуды емес, жалындап сүюдің жолын үйретуге
кеңес беріпті. «Бізге
он бір жыл бойы қолға қаламды қалай ұстау керектігін, жазуды және оқуды
үйретеді. Алайда,
бізге қалай сүюді, өзіңді қалай бақытты қылуды үйретпейді. Бұл дұрыс емес.
Әрине оқытудың да жақсы жақтары бар, әйтсе де біз, әлі күнге дейін жыныстық
қатынасқа келгенде еркіндіктен қорқамыз» деп салыпты.

Ол ол ма, мәжіліс депутаттығы мандатымен қош
айтысқан кезде шешінетіндігін айтып, елдің күлкісіне қалғаны тағы бар. Ең масқарасы, Бақыт Сыздықова бірнеше жыл бұрын бір журнал өзін
жалаңаштанып суретке түсуге шақырғанын, одан бас тартқанын, қазір соған қатты
өкінетінін білдірген еді. Өткенде Гүлжан Ерғалиева жалаңаштанған суретімен
интернеттегі оқырманды жарылқап еді,
ендігі кезек Бақытқа да келген секілді. 15 млн. теңге қарыз ақшаны қайтармай
жүрген Сыздықова «Нұр Отан» ХДП-ның бүгінгі шешімінен кейін, шынымен де
шешінбеске амалы қалмаған сияқты. 

Партия бақылау
Комитетінің мәліметі бойынша, 2013 жылдың 8 айы ішінде жемқорлық әрекеттері
үшін партия мүшелігінен шығарылған азаматтардың саны өткен жылға
қарағанда,  4 есеге артық. Яғни өткен
жылы 49 адам партия билетін тапсырса, биыл 201 адам «Нұр Отан» партиясы
мүшелігінен босатылған. Ал жыл сайын билік партиясынан 12 мыңға жауық адам
қатардан шығарылады. Олардың 60 пайызы мемлекеттік және бюджеттік ұйым
басшылары екен.

Динара Мыңжасарқызы

Серіктес жаңалықтары