САЯСИ ДОКТРИНА ЖОБАСЫ ТАЛқЫЛАНДЫ
САЯСИ ДОКТРИНА ЖОБАСЫ ТАЛқЫЛАНДЫ
Жиналысты «Ғылым» бастауыш партия ұйымының
төрағасы, «Ғылым қоры» АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы А.Байшекеев
ашты. Күн
тәртібіндегі мәселе – «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру аясында «Нұр
Отан» халықтық-демократиялық партиясының жаңа міндеттері туралы А.Байшекеев
жиналған қауымды таныстырды. Ол өз сөзінде: «Бастауыш партия ұйымының басты
мақсаты партия Көшбасшысының жаңа саяси бағдарының негізгі бағыттарын өз
ұжымында, ұйымында және жұмыс орнында белсенді жүзеге асыру болып табылады.
Біздің жоспарларымыз
стратегиялық сипатта, еліміздің алдында тұрған ауқымды мақсаттарды ескере
отырып, соған сәйкестендірілген болу керек. Бастауыш партия ұйымдары және оның
мүшелері саяси жұмыстың жаңа формаларын тауып, игерулері тиіс.
Біз өз ұжымымызды, оның
әрбір қызметкерін қамту үшін ауқымды ақпараттық-насихаттық жұмыстарды тұрақты
түрде жүргізіп отыруымыз қажет. Ұлттық жалпы табыс әрбір адамның, әрбір
азаматтың табысынан құралады. Біздің әрқайсысымыз жаңа қазақстандық
патриотизмнің рухани құндылықтарын қалыптастыруымыз қажет. Әрбір «нұротандық»
негізгі бағыттары «Қазақстан-2050» Стратегиясында анықталған елімізді ауқымды
жаңғыртуға белсенді қатысуы тиіс», – деп атап көрсетті.
Баяндамадан кейін өз
пікірлерін білдірген партия мүшелері мен ұжым мүшелері «Қазақстан-2050»
Стратегиясының негізгі міндеттерін жүзеге асыру арқылы Қазақстан әлемнің
таңдаулы мемлекеттерінің қатарынан орын алатынына толық сенетіндіктерін және
тек еліміздің ғана емес, сонымен бірге партиямыздың жаңару мен жаңғырту
Стратегиясын жүзеге асыру үшін барлық күш-жігерлерін салатындарын білдірді.
А.Байшекеев жиналысқа
қатысушыларды «Нұр Отан» партиясының саяси доктринасы жобасымен таныстыра
отырып, «Нұр Отан. Нұрлы болашақ жолында» саяси доктринасы еліміздің ұстанып
отырған саясатына сәйкес дер уақытында ұсынылып отырған маңызы зор іргелі құжат
деді. «Нұр Отан» партиясының мүшелерінің талқылауына ұсынылып отырған «Нұр
Отан. Нұрлы болашақ жолында!» саяси доктринасында партияның идеологиясы
нақтыланып, ұзақ мерзімге арналған негізгі құндылықтары айқындалып көрсетілген.
Доктрина Елбасының мемлекеттік бағытының тұрақтылығы мен баяндылығын, көркеюін
қамтамасыз ететін тірек ретінде «Қазақстан-2050» Стратегиясын табысты жүзеге
асыруға қызмет етеді және оның қызмет ету мерзімі бірнеше онжылдықтарға
есептелген».
Баяндамадан кейін сөз
алған партия және ұжым мүшелері «Нұр Отан» партиясы ұсынып отырған «Нұр Отан.
Нұрлы болашақ жолында!» саяси доктринасын толық қолдайтынына және жүзеге асыруға
белсене атсалысатындарына сендірді.
Жиын соңында қатысушылардың
талқылауымен және мақұлдауымен «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру
аясында «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының жаңа міндеттерін жүзеге
асыру және «Нұр Отан» партиясының «Нұр Отан. Нұрлы болашақ жолында» саяси
доктринасы жобасын қолдау туралы қаулы қабылданды.
«Түркістан-ақпарат»