ӨНЕРДІ ҰЛЫҚТАҒАН ЕЛ ТОЗБАС...

ӨНЕРДІ ҰЛЫҚТАҒАН ЕЛ ТОЗБАС...

ӨНЕРДІ ҰЛЫҚТАҒАН  ЕЛ ТОЗБАС...
ашық дереккөзі
164

Кездесуге  «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Әбдішев, «Қазақстанның жастар Конгресі» ЗТҰ атқарушы директоры Роллан Құспан, «Қазақстан студенттер Альянсы» Республикалық студенттер қозғалысының көшбасшысы Арман Абдоллаев, сондай-ақ, саясат және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, жас мамандар, жастар ұйымдарының өкілдері жиналды.  

Жастар бас қосқан жиын  Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы бұрынғы зауыт (ВТУЗ) – Қарағанды мемлекеттік индустриалды университет қабырғасында өтті. Елбасымыз бұл жоғарғы оқу орнын 1967 жылы бітірген. Биыл қазан айында университетке елу жыл толмақ. Елу жылдық мерейтойға орай, оқу орнында Мемлекет басшысының Теміртаудағы өмірінің үш қыры, яғни, студенттік, еңбек жылдары және қоғамдық-саяси қызметінен сыр шертетін мұражай ашылатын болады. Форум аясында қатысушылар  Қарағанды мемлекеттік индустриалды университетінің мұражайын тамашалады. 

Партия Төрағасының бірінші орынбасары  Бауыржан Байбек өз сөзінде: «Доктринаның әр тезисі болашақ үшін жазылған, ал болашақ – прогрессивті және бәсекеге қабілетті жастар. Партия жас қазақстандықтарға үміт артады, себебі қазіргі жастар біздің бүгінгі бастамаларымызды жүзеге асырады, – дей келе,  – егер Сіздер мемлекетіміздің келешегін кемелдендіру, болашағын баянды етуге талпынсаңыздар, «Жас Отан» жастар қанатына шақырамыз. Бұл өзін танытудың, күш-жігерін пайымдаудың, лидерлік қырларын танытудың үлкен мүмкіндігі», –  деп форумға қатысушыларға ой тастады.

Жас көшбасшылар форум аясында аталмыш құжаттың рөлі мен маңыздылығы жайлы пікір бөлісті. Алғашқылардың бірі болып сөз алған жас актер Асылхан Төлепов: «Мен білікті саясаткер емеспін, партия қызметінде де жоқ адаммын. Дегенмен осындай саяси бағыттағы іргелі құжатта өнерді дәріптеп, даму факторы ретінде басымдық танытылғандығына, шын айтсам, қуаныштымын. Өнерін ұлықтаған ел тозбайтыны мәлім», – деген ойын жеткізді. 

Форумда өз ойымен бөліскендердің бірі еліміздің ең жас әкімі,  Павлодар облысының Павлодар ауданындағы Заңғар ауылдық округын басқаратын 25 жасар Хамза Оразбеков болды. Ол өз сөзінде: «Дамудың сөзсіз факторлары қатарында нәтижелі мемлекеттік басқару да бар. Мемлекеттік қызмет – бұл «қызмет ету» дегеннен шығады ғой. Осындай халыққа қызмет етуде маған артылған жауапкершілік аса зор, себебі мен тағайындалмадым, мені халық таңдады. Біз қазақстандықтарды сапалы мемлекеттік қызмет көрсету мен нәтижелі басқарумен қамтамасыз етуге тиіспіз. Жаңа доктрина нәтижелі осы қызметтің негізгі қырларын айқындайды», – дейді. 

Форумды ұйымдастыруға негіз болған да жастардың өзі.  Жастардың форумды ұйымдастырудағы мақсаты да осы – Доктрина жобасын талқылау және өз ұсыныстарымен бөлісу.

Гүлзина Бектас

Серіктес жаңалықтары