Есте қалар сәт

Есте қалар сәт

Есте қалар сәт
ашық дереккөзі
237

 Ақжарма кештің шымылдығын ашқан жүргізушілердің сөздерінен кейін, университет ректоры Ғ.М. Мұтанов студенттерді төл мерекесімен құттықтады. 

Жүрекжарды тілегін жеткізген университет ректоры Ғ.М. Мұтанов: «Бүгін біз 80 жыл бойы қалыптасқан дәстүр бойынша, 1-курс студенттерін қабылдау кешін салтанатты түрде өткізіп отырмыз. Бұл күн, ең бір есте қалатын, елеулі, ерекше күн, болашаққа жол ашылған, шуақты күн. Кешегі мектеп оқушыларының бүгінгі студент атанып отырған нұрлы сәті. Сіздер ең дұрыс шешім қабылдап, ҚазҰУ-ды таңдадыңыздар. Өйткені ҚазҰУ түлектері үлкен биіктерде өз білімдерін елдің, жердің тіршілігіне жалғап, жалғастырып отырған белді, білімді азаматтар тәрбиелеген шаңырақ. Сіздердің бәсекеге қабілетті маман болып шығатындарыңызға сенемін. Алғашқы қадамдарыңызға сәттілік тілеймін! Университетте ғана емес, еліміздің бетке ұстар мақтаныштары болуларыңызға тілектеспін!», – деді.

Көшбасшы университетке қадам басып отырған 1-курс студенттері сол қағиданың аясында сапалы білім алатын болашақ мамандарымыз. Кеште дәстүрлі университет белгісін химия және химиялық технология факультетінің 4-курс студенті Қайрат Кеңес механика-математика факультетінің 1-курс студенті Әйгерім Нысановаға, ҚазҰУ-дың «Өнер символын» философия және саясаттану факультетінің 2-курс магистранты Әлібек Мұхамеджанов география және табиғатты пайдалану факультетінің 1-курс студенті Айым Эрнетқызына ұсынды. Ал университеттің бірінші проректоры Мұқамбетқали Бүркітбаев экономика және бизнес жоғары мектебінің 1-курс студенті Әйгерім Ермұхаметова мен халықаралық қатынастар факультетінің 1-курс студенті Иманғали Ысқаққа студенттік билетті салтанатты түрде табыстады. 

Қабылдау кешінде «спорт жанашыры», «білім кемесі», «жастар қолдаушысы» сынды бейнекөрсетілімдер және ҚазҰУ дипломының өзіндік сапа кілті екендігін айшықтайтын басқа да көріністер мен театрландырылған би қойылымдары көрсетілді. Студенттік хор, оркестр­мен сүйемелденген қазақтың көңілашар күйлері мен ҚазҰУ-дің әнұраны жиналған жұртқа ерекше рух сыйлады. Кеш соңы алғашқы студенттік вальс пен еліміздің өнер жұлдыздарының орындауындағы концерттік кешке ұласты. Ал көктен үздіксіз жауған ақ жауын, бірінші курс студенттерінің ақ көңілдерін көрсетсе керек…

Айым Эрнетқызы,

География және табиғат пайдалану факультетінің 1-курс студенті,

ҚазҰУ-дің «Өнер символының» иегері:

– Студент қатарына қабылдау әрбір жүректе жатталатын шақ екені даусыз.

Тіпті, ҚазҰУ-дің «Өнер символының» маған жүктелуін үлкен мақтаныш сезінемін. Ендігі мақсатым, республикалық өнер байқауларына қатысып, ҚазҰУ-дің абыройын арттыру және оқу ордасының білгір білімгері, білімді маманы болу. 

Мұқағали АЙТҚҰЛОВ,

Биология және биотехнология факультетінің 1-курс студенті:

Бүгінгі кеш ерекше өтуде. Мен үшін жаңа өмірдің есігі ашылғандай. Жаңа орта, жаңа достар және жаңа оқытушылар. Барлығы да жақсылыққа басталған жақсы жол. Әсем Алматыда ҚазҰУ-дай білім ордасында мемлекеттік грант бойынша білім алатыныма қуаныштымын. Елімнің ең білгір маманы болу – менің мақсатым!

Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ

Серіктес жаңалықтары