Қорғаныс саласындағы қорқаулар

Қорғаныс саласындағы қорқаулар

Қорғаныс саласындағы қорқаулар
ашық дереккөзі
206

Қазақ қоғамында жемқорлыққа қарсы күрес күшейген сайын заң бұзатындар саны артқан сияқты. Өйткені «жеп қойып», заңды бұзатын ірілі-ұсақты қылмыскерлер саны азаюдың орнына көбейіп кетіпті. Бұл келеңсіздікті құзырлы органдардың өздері де мойындайды. 

Қазақстан қорғаныс ведомствосында ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Бағдат Майкеевтің төрағалығымен ҚР Қарулы Күштеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуын бақылау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

2013 жылдың басынан бері қорғаныс ведомствосында Мемлекет басшысы – ҚР ҚК Жоғарғы Бас қолбасшысының бастамасымен жасалған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиялық жоспар шеңберінде үлкен жұмыстар атқарылды. Ол жөнінде Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Б.Майкеев: «Қорғаныс министрлігі әскерлерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған барлық шараларды қабылдауда. Комиссия әскери ортада сыбайлас жемқорлық көріністерін азайтуға мүмкіндік беретін ҚР Қарулы Күштеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуы бойынша бұдан да тиімді жұмыс істеуі керек. Командирлер жеке құрамға осы проблеманың мүмкін болатын нақты зардаптарын жеткізіп, әскери қызметшілердің құқықтық мәдениеті мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыруы керек», – деп атап өтті.

Қазақстан Республикасы Бас прокура­турасының мәліметтері бойынша 2013 жылдың 8 айында Қарулы Күштерде 16 сыбайлас жемқорлыққа қылмыс жасалған (Анықтама: 2013 жылдың 8 айында республикада 1452 сыбайлас жемқорлық қылмыс тіркелген). Жалпы республикалық статистикаға жүгінсек, әскерлерде 8 ай ішінде жасалған сыбайлас жемқорлық қылмыстар өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, армияның жауынгерлік қабілетіне кері әсер ететін жүйелі сипаты жоқ екендігін дәлелдейді.

Кеңеске қатысушылар 2014 жылға арналған Қарулы Күштерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстардың тиімділігін арттыру жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспарын талқылады. Бұл құжат жауапты лауазымдарға қабылданар алдында міндеттемелер қабылдай отырып, айрықша жоғары талапты бекітетін лауазымдар тізімін ұлғайтатын болады.

Жоспарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуы үшін арнайы тексеруді жүргізетін механизмдер де қарастырылған. Бұл ретте осындай тексерістен өтпеген тұлғалар әскери қызметтен шығарылатын болады: «Комиссияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізген іс-шаралары тек жазалаумен ғана шектелмек емес, әскерлерде жемқорлыққа қарсы тұру механизмдерін жасау болып табылады. Әскери қызметшілер әскери қызметтерін лайықты жағдайда өткеру керек. Біз бүгін Қарулы Күштердің беделіне нұқсан келтіретін сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуына байланысты мәселелерді егжей-тегжейлі талқыладық. Қорғаныс министрлігінің басшылығы қабылдаған әскерлердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар туралы әрбір әскери қызметшіге жеткізіп отыруымыз керек», – деді генерал-майор.

Бүгінде Қазақ қоғамында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қарқынды жүруде. Бұл туралы Елбасы өзінің биылғы халыққа Жолдауында: «Мемлекет пен қоғам жемқорлыққа қарсы күресетін бір күш болуға тиіс. Жемқорлық – жай құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сетінетеді және ұлттық қауіпсіздікке төнген  тікелей қатер болып саналады. Біз түпкі мақсатымыз – жемқорлықты құбылыс ретінде жою үшін жемқорлыққа қарсы заңнамаларды жетілдіру арқылы жемқорлықпен күресті қатты күшейтуіміз керек. Біз құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтердің реформасын жалғастыруға тиіспіз. Онсыз біз тәртіпсіздікке мүлдем төзбеуді қалыптастыру және жемқорлықты түбірімен жою жөніндегі міндеттерді шеше алмаймыз. Соңғы үш жылда құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтердің бірқатар маңызды реформалары жүргізілді. Бұл – мемлекеттікті нығайтудың маңызды қадамы. Олардың жұмысының  құқықтық базасы жақсартылды. Функциялары нақты айқындалды. Қызметтің қайталануы жойылды. Қылмысқа қатысты саясат ізгілендірілді. Барлық құқықтық құрылымдардың қызметкерлері түгелдей аттестаттаудан өткізілді. 100 мыңнан астам адамнан 12,5 мың адам аттестаттаудан өтпей қалды және органдардан босатылды. Біз бұл жұмысты одан әрі жалғастыра береміз», – деген болатын. Демек, қазақ қоғамын іштен ірітетін сыбайлас жемқорлықтың түбіріне балта шабу – құзырлы органдармен бірге кез келген азаматтың міндеті.

Алтынай АЙДАРҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары