ІЗІН ТАПТЫРМАҒАН 119 МЛРД. ТЕҢГЕ КІМНІҢ ҚАЛТАСЫНДА КЕТТІ?

ІЗІН ТАПТЫРМАҒАН 119 МЛРД. ТЕҢГЕ КІМНІҢ ҚАЛТАСЫНДА КЕТТІ?

ІЗІН ТАПТЫРМАҒАН  119 МЛРД. ТЕҢГЕ КІМНІҢ ҚАЛТАСЫНДА КЕТТІ?
ашық дереккөзі
309

Жақында Білім және ғылым экс-министрі Б.Жұмағұловтың білім саласында қолға алған шаралары Парламент мәжілісінің әлеуметтік-даму комитетінде жан-жақты сарапқа салынған болатын. Халық қалаулылары бұған дейін мәселенің шеті шықса да, дабыра етуге дәті бармады ма, осы жолы білім беру ісінде қыруар қаржының желге ұшқандығына байланысты жеке-жеке баяндама дайындап келіпті. Өйткені үкімет атын жер көкке жеткізе мақтаған е-лернинг бағдарламасына жұмсалған 119 млрд. 252 млн. 855 мың теңгенің орнын сыйпап қалған. Ал қомақты қаржы шығындалған бағдарлама да, мұғалім де дайын болмай шығыпты. 

Мәжілістің әлеуметтік-даму комитеті бағдарламаның орындалу барысын қатаң сынға алып, министрлікке қаржылық тексеру жүргізу керектігін жеткізді. Комитеттің төрайымы, депутат Дариға Назарбаева: «Бұл не деген цифр екенін түсіне алмай отырмын. Сондықтан бұл бағдарламаны қаржыландыруды тоқтату керек. Байқаулар қалай өтті? Неге кейбір мектептерге компьютерлер екі есе бағасына сатып алынған? Қаржы полициясы, Есеп комитеті және прокуратура бірлесіп, нақты қанша қаражат жұмсалды, соны тексерулері тиіс», – деді.  

 Сорақысы сол, е-лернинг бағдарламасы туралы отырысқа келген Білім және ғылым министрлігінің өкілдері де көңілдегідей түсіндіріп бере алмады. Тіпті, бағдарламаны біледі деген қарапайым мектеп мұғалімінің өзі де кібіртіктеп қалған. 

Осыншама қаржы бөлініп, нәтижесі көңілден шықпаған бағдарлама әрі қарай жалғасын таба ма, жоқ па? Қазірдің өзінде 119 млрд. 252 млн. 855 мың теңгені шығындаған бағдарламаның жүзеге асуына жауапты министрлік неге есепті дұрыс бере алмайды? Ал Парламент мәжілісінің әлеуметтік-даму комитеті бұл есепсіз қаржының жұмсалып жатқанын экс-министр Жұмағұлов тізгінді ұстап тұрғанда неге білмеген? Шын мәнінде, мұны министрдің өзіне көрсетіп, дәлелдеуге болмас па еді? Осы сынды сауалдар қоғамның кез келген мүшесін мазалап жүр. Ал бұған министрліктің қандай уәж айтатыны әзірге белгісіз. 

Динара Мыңжасарқызы

Серіктес жаңалықтары