ҚАРТЫ БАР ЕЛ – ҚАЗЫНАЛЫ ЕЛ

ҚАРТЫ БАР ЕЛ – ҚАЗЫНАЛЫ ЕЛ

ҚАРТЫ БАР ЕЛ – ҚАЗЫНАЛЫ ЕЛ
ашық дереккөзі
3320
“Ата-ананың қадірін білмеген, халық қадірін білмес” деген ата-баба сөздері текке айтылмаған шығар. Қазақ қарияны көрсе, ет жүрегі елжіреген халық емес пе?! Қариялардың бағзы заманнан қалыптасқан, ұрпақтан ұрпаққа ұштасқан өмірлік мақсаты ел бірлігіне, жер тұтастығына бас-көздік, халықтың бірлігі мен ынтымақтастығын берік дәнекерлеу, ұлттық бай рухани қазынаны шашау шығармай сақтау және молайта түсу еді. Олар қай кезде де осы міндетті жүзеге асыруда көсемдік танытты, бекзаттық пен мәрттіктің рухы бола білді. Өскелең ұрпаққа үлкенге құрмет көрсету, патриоттық тәрбие беру мақсатында, таяуда Қыземшек ауылдық кітапханасы мен Мәдени спорт орталығы кітапханасы бірлесе отырып, «Қарты бар ел – қазыналы ел» атты өнеге сағатын өткізді. Кітапхананың белсенді оқырмандарының қатысумен ұйымдастырылған кеште оқушылар ақындар жырына арқау болған қарияларымыз туралы өлең-жырдан шашу шашты. Өнеге сағатында Иманберді Ажар, Бақторазова Зиба, Айтбаева Эльмира сын­ды әншілеріміз өз әндерін тарту етті. Ұмытылмас кеште сөз алған ауыл­ ақсақалдар алқасының төрағасы Пернебай Өтжанов ағамыз қарияларды мереке­сі­мен құт­тықтап, ұйымдастырушыларға өз атынан алғысын жеткізді: «Біз­ өзіміздің ата-әжелеріміз алдында қарыздармыз, ал қарызымызды тек жақсы тәрбие арқы­лы, адамгершілік, мейірім, құрмет арқылы ғана қайтара аламыз. Қарттарымызды ардақтап өтейік! Үлкен ата-әжелеріңді сыйлаңдар, қадірлеңдер! Ел басына күн туған қиын-қыстау күндерде халқына сүйеу, жұртына қамқор бола білген қарттарымыз қашан да аман болсын! Кешті ұйымдастырушылар өнеге сағатын ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың: «Бабаларым, рахмет сендерге! Бала­ла­рым болмасын деп бос кеуде, Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің, Өмірге мен мыл­қау болып енгенде. Бабаларым, рахмет сендерге!» – деген өлең жолдарымен аяқтады.

Бота Бекмұратова

Созақ ауданы,

Оңтүстік Қазақстан облысы

Серіктес жаңалықтары