«Протон-М» апаты үшін Ресей қанша өтемақы төлейді?

«Протон-М» апаты үшін Ресей қанша өтемақы төлейді?

«Протон-М» апаты үшін Ресей қанша өтемақы төлейді?
ашық дереккөзі
263

 Tengrinews.kz сайты
ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің мәліметіне сілтеме жасай
отырып, «Қазақстанның Ресейге биыл шілденің 2-сінде қазақ даласына құлаған «Протон-М»
зымыран тасығышы үшін төленетін өтемақының есепшотын берді», деп хабарлайды. 

Онда «Қазақстанның Қоршаған орта және су ресурстары
министрлігінде 2013 жылы шілденің 2-сінде «Байқоңыр» ғарыш кешені аумағында
құлаған “Протон-М”  зымыран тасығышы
салдарынан қоршаған ортаға келген залалы мен зиянынің экономикалық есебі
жасалды. Бұл «Қоршаған ортаға әкелген зияны мен залалын экономикалық тұрғыдан
есептеу Ережелеріне» сай жүргізілді. Қоршаған ортаға келтірілген зиян құны – 13
 690 747 305 теңге», — делінген.
Бұл шамамен 90 миллион долларға тең.
Сондай-ақ, министрліктегілер аталған есепшоттың Ресей Федерациясы Федеральдық
ғарыш агенттігіне (Роскосмос) қарауға және қоршаған ортаға келтірілген зиянды
өтеу үшін дипломатиялық каналдар арқылы жолданғаны айтылған. Қазақстан тарапынан
Ресей мен Қазақстан үкіметтері арасында «Байқоңыр» ғарыш айлағын жалға алу
келісім-шарты бойынша ғарыш қызметі саласындағы өкілетті орган (Қазғарыш) бұл
істі үйлестіру мақсатында жұмысқа кірісті.
Естеріңізде болса, Қазақстанның Премьер-министрі Серік Ахметовтің жарлығымен Қазақстанның
Қроршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров бастаған арнайы комиссия
құрылған болатын. Бұл комиссияның негізгі мақсаты «Протон-М» зымыран
тасығышынан келген экологиялық залалды жою шараларын бақылау.  Арнайы комиссияның – 5 жұмыс отырысы өтті,
оның екеуі ғарыш кемес құлаған және зиян шеккен аймақтарды зарарсыздандыру
мақсатында «Байқоңыр» ғарыш айлағында өткені мәлім.  
Бұған дейін Қазақстан тарапынан Ресейге өтемақы төлеу жөнінде есептің
берілгендігі айтылғанымен, өтемақының құны мәлім етілмеп еді. Бұл «халықты
шулатпас» үшін жасалған қадам делінген болатын сол кезде. 

Есен Байнұр. 

Серіктес жаңалықтары