ҚЫЗЫЛЖАРДАҒЫ ҚЫЗҒЫЛЫҚТЫ ЖИЫН

ҚЫЗЫЛЖАРДАҒЫ ҚЫЗҒЫЛЫҚТЫ ЖИЫН

ҚЫЗЫЛЖАРДАҒЫ  ҚЫЗҒЫЛЫҚТЫ  ЖИЫН
ашық дереккөзі

Таяуда Петропавл қаласындағы М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік  университетінде ақын, Ә.Бөкейханов атындағы сыйлықтың лауреаты Бақытжан Тобаяқовпен творчестволық кездесу өткізілді. Жүздесуде университет шәкірттері ақынның шығармаларын жатқа айтып, оның өлеңдеріне жазылған әндерді шырқап, домбырамен, қобызбен күйлер тартылды. Ақын өз кезегінде кейінгі жазылған жырларын оқып, студенттер мен оқытушылардың көптеген сұрақтарына жауап берді, өз ғұмырбаянынан сыр шертті. 

Аталмыш оқу ордасының ректоры, ҚР Ұлттық академиясының ака­демигі Оңдасын Ұлттық Инже­нерлік академиясының мүше-коррес­пондентіне университеттің Құрметті профессоры дипломын тапсырып, иығына профессорлық  мантиясын жапты. Бір қызығы, Б. Тобаяқов университет ректорымен Алматыдағы қазіргі Қ. Сәтпаев атындағы ұлттық техникалық университетте бірге оқып, бірге студенттік жасақтарда жұмыс істеп, әскери ойындарда бірге курсант болыпты.

Ақын жиналған қауымға, студент шәкірттерге, ректорат мүшелеріне, оқу орнының тәрбие жөніндегі проректоры Мүкәррам Азатқызына өз ризашылығын білдіріп, алғысын айтты. Сондай-ақ университет кітапханасына тарту ретінде кейінгі шыққан кітаптарын сыйлады.

Кеш әсерлі де қызғылықты өтті.

Ж.Баққондыұлы