АЙЫРҚАЛПАҚТЫЛАР АТТАНЫ Абақтыдағы депутатқа 3 мың жақтасы араша түсті

АЙЫРҚАЛПАҚТЫЛАР АТТАНЫ Абақтыдағы депутатқа 3 мың жақтасы араша түсті

АЙЫРҚАЛПАҚТЫЛАР АТТАНЫ    Абақтыдағы депутатқа 3 мың жақтасы араша түсті
ашық дереккөзі

 

Соңғы
жылдары саяси белсенділіктері күшейген қырғыздар қит етсе, шеруге, наразылық
шарасына шығуды әдетке айналдырған. Бүгін айырқалпақты ағайын тағы да аттанға
басты.

Үстіміздегі жылдың 20 қарашасында Қырғызстан
парламентіндегі оппозициялық депутат Ахматбек Келдібаев тұтқынға алынған
болатын. Бүгін қырғыз билігінен депутатты босатуды талап еткен оның 3 мыңға
жуық жақтасы Ош облыстық әкімшілігінің ғимаратын күшпен басып алуға тырысты.
Әкімшілік үйді таспен және бөтелкелермен атқылаған шерушілерді милиция
қызметкерлері қағаз бекіністермен әзірге ұстап тұрған көрінеді. «Түркістан»
газетінің Қырғызстандағы меншікті тілшісінің хабарлауынша, шерушілерге әскери
күш қолданылмаған.

Айырқалпақтылардың аттанына себеп болған жайт, бүгін
Бішкек қалалық соты биыл 22 қарашада “Бірінші мамыр” аудандық
сотының Келдібаевты 2 ай абақтыға қамауға қатысты шығарған шешімін өзгеріссіз
қалдыруы. Депутатқа тағылған айып – «А.Келдібаев Әлеуметтік қорды, Салық
қызметі мен Қырғызстан парламентін басқарған тұста қызметін асыра пайдаланды
және жемқорлыққа жол берді» болып отыр.

Әкімшілік алдына шерулеткен топқа шенеуніктер тарапынан
ешқандай ресми мәлімдеме жасалмапты. Депутатты тез арада босатуды талап еткен
олар енді әкімшілік ғимаратын басып алып, Бішкектегі орталық билікке ультиматум
қоюға тырысуда. Бізге жеткен деерктерге сүйенсек, милиция шерушілерді әкімшілік
алаңынан тысқары қуып тастапты. Бірақ бұл наразы топтың меселін қайтара алмаған
көрінеді. Күрес соңы келіссөзбен бітпесе, елдегі саяси тұрақтылыққа тағы да
қауіп төнбесе игі.

  Нәзия Жоямергенқызы