ЕЛЕУСІЗОВ ЕСІМОВТІ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ШАҚЫРДЫ

ЕЛЕУСІЗОВ ЕСІМОВТІ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ШАҚЫРДЫ

ЕЛЕУСІЗОВ ЕСІМОВТІ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ШАҚЫРДЫ
ашық дереккөзі
251

Естеріңізде болса, Алматы қаласы әкімшілігінің эколог Мэлс Елеусізовтен 15 миллион теңге талап еткені  жайында “Түркістан” газетінің сайтында жазған болатынбыз. Қазір Алматы қаласы әкімшілігі мен Мэлс Елеусізовтің арасы күн өткен сайын ушығып бара жатқан сыңайлы. 

«Табиғат» экологиялық одағының төрағасы Мэльс Елеусізов
Алматы әкімі Ахметжан Есімовті жекпе-жекке шақырды. Қандай қару қолдану еркін
Есімовтің өзіне қалдырған танымал эколог: «Егер Есімов еркек болса, менімен күш
сынасуға шықсын!», – деді. Қоқыс жинауға бөлінетін алаң мәселесіне орай өткізілген
кездесуде Мэльс Елеусізов Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің орынбасары
Виктор Кимді әлеуметтік араздық тудырғаны үшін сотқа беретінін де жасырмады:
«Мен әкімнің орынбасарына әлеуметтік араздық тудырғаны үшін сотқа беретінімді
ескерттім. Бұл қылмыстық іс».

  Экологиялық мәселелерді үнемі күн тәртібіне
шығаратын Елеусізовтің шамына тигені, Виктор Ким қоқыс алаңына балалар ойнайтын
алаң орнатып, сол жердің астына қоқыс сақтайтынын айтыпты. Мұндай алаң тұрғындар
үшін аса қолайсыз болатынын айтқан Мэльс мырза: «Ким жерасты қоқыс алаңдарының құрылысын
ұйымдастырды, онда 5 текше метрлік қоқыс жәшігі бар. Сол 25 текшені жинап болғанша
ол жердегі жағымсыз иіс қолқаны қауып, адамдарға зиянын тигізеді».

  Нәзия Жоямергенқызы

Серіктес жаңалықтары