Қазақстандықтардың 32%-ы Кедендік одақ елімізде бағаның өсуіне ықпал етті деп есептейді
Қазақстандықтардың 32%-ы Кедендік одақ елімізде бағаның өсуіне ықпал етті деп есептейді
DEMOSCOPE қоғамдық пікірге
экспресс-мониторинг жүргізу бюросы Қазақстан тұрғындарының Кедендік одаққа
көзқарасын анықтау мақсатында сауалнама жүргізді. Сауалнамаға Астана, Алматы қалалары мен Қазақстанның
14 облыс орталығынан барлығы 2000 адам қатысты. Сұрақтарға 18-жастан жоғары 71%
әйелдер мен 29% ер адамдар жауап берді. Сұрақ қою әдісі – телефон арқылы
жүргізілген сауалнама және онлайн-сауалнама.
Сауалнамаға қатысқан отандастарымыздың басым бөлігі Қазақстанның Кедендік
одаққа мүше болуын дұрыс деп есептейді. 67%-ы Кедендік одақтың (КО) 3 жылдық
жұмысын интеграциялы экономикалық қауымдасықтың нәтижелі жемісі деп бағалайды.
Ал, одақ жұмысына бұрыс баға берген қатысушылар 7,5%-ы құрады.
Ал қатысушылардың 21%-ы аталған жақтаушы да, даттаушы да топқа
жатқызылмады. Олар Қазақстанның КО-ға мүшелігіне қатысты пікірлерін білдіруде
бейтарап бағытты ұстанады.
Ал, одақтың жұмыс жасап жатқанына 3 жылдан астам уақыт өтсе де, қатысушылардың 4,5%-ы Кедендік одақ жұмысынан
бейхабар екен.
КО-ң пайдалы жақтарын саралауда, респонденттердің аз бөлігі (3,5%)
«Қазақстанда өнеркәсіптің дамуы» деп жауап берді. Ал, «бәсекелестіктің
арқасында тауар сапасы артады» деген жауапты таңдаған респонденттер саны 7,5%-ы
құрады.
Жауап берушілердің пікірінше, КО жұмысының негізгі үш артықшылығы:
1.«Экономикалық және саяси
тұрақтылық» (32%); 2. «Кедендік тәртіптер жеңілдетілді» (23%); 3. «Қазақстандық
тауарлардың нарықта өтімділігі жоғарылады» (15%); Ал, сауалнамаға
қатысушылардың бестен бір бөлігі КО жұмысының Қазақстан үшін пайдалы жақтарын
көріп тұрғанымыз жоқ деп жауап берді.
КО-ң жағымсыз жақтарын анықтауда, қатысушылардың үштен бір бөлігі (32%) одақ
бағаның өсуіне себепші болды деп жауап берді. Сондай-ақ, дәл осынша қатысушы
КО-ң ешқандай жағымсыз жақтары жоқ деген жауапты таңдады.
«Негізгі тауар тасымалдаушы ретінде,
Ресей және Беларусь өнімдеріне артықшылық беріледі» (11%) және «Отандық өнімдер
үшін бәсекелестіктің қатаң шарттары» (10%) айқындалды деген жауаптарды таңдаған
қатысушылар саны да тең түсті.
Жауап берушілердің 9%-ы үш ал аумағында контрабанда жолымен тауар
тасымалдау белең алу қаупі бар деген пікірде екен.
Сондай-ақ, қазақстандықтар өзге мемлекеттердің (Украина, Қырғызстан,
Армения, Тәжікстан) КО-ға енуіне қатысты пікірлерімен де бөлісті. Жартысына жуығы (52%) бұл шешімді қолдайды.
Ал, 32%-ы дұрыс деп есептемейді. Үштен бір бөлігі бұл сұраққа бейтарап пікірде екендігінін жеткізді.
“Түркістан-ақпарат”