ҚОРҒАНЫС САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢА ҚАДАМ

ҚОРҒАНЫС САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢА ҚАДАМ

ҚОРҒАНЫС САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢА ҚАДАМ
ашық дереккөзі
418

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түрік Республикасының Қорғаныс министрі Исмет Йылмазбен кездесті. Кездесу аясында әскери-техникалық саладағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Сонымен бірге, таяуда ашылған электронды-оптикалық құрылғылар шығаратын қазақ-түрік бірлескен кәсіпорны аясындағы серіктестік мәселелері де қозғалды.

Мемлекет басшысы кез­десу аясында екі елдің қор­ғаныс өнеркәсібіндегі өзара ықпал­дас­ты­ғын одан әрі дамыту үшін бұл кәсіпорынның мән-маңызын атап өтті. Елбасы зауытты білікті жергілікті кадрлармен қамтамасыз етудің маңыздылығына да назар аударды. Өз кезегінде И.Йылмаз кәсіпорын құрылысы әскери-техникалық саладағы екіжақты қарқынды ынтымақтастықтың нәтижесі екенін айтты. Бұған қоса, ол бұл салада жақсы нәтижелер күтуге болатынын да тілге тиек етті

Түркия қорғаныс министрі аталмыш сапар аясында еліміздің қорғаныс саласы басшысы Әділбек Жақсыбековпен де кездесті. Екі ел қорғаныс ведомстволарының басшылары болашақ өндіріс корпустарының орналасу орнын қарап, аталған кәсіпорында шыға­ры­латын өнімдердің үлгілерімен та­нысты. Қорғаныс министрі елордада ашыл­ған жоғары техно­логиялық өндірісті қорғаныс өнеркәсібі кешенінің маңызын айрықша атап өтті. Бірлескен жоба бойынша еліміздің алғашқы кездегі үлесі 20 пайызды құрайды, алдағы 5 жыл ішінде оның үлесі 67 пайызға артатын болады. 

«Қазақстан инжиниринг» ұлт­тық компаниясы» АҚ басқарма төра­ғасы Болат Смағұлов қорғаныс ведом­стволарының басшыларын жаңа кәсіпорын өндіретін өнім­дер тізімімен таныстырып өтті. Аталмыш кәсіпорын әртүрлі техни­када қолданатын электронды плат­тар­дың (су асты кемелерінен бас­тап ғарыш кемелеріне дейін) кең спектрін шығармақ. Келешекте бұл зауыт дербес инфрақызыл линзалар шығару өндірісін ұйым­дас­тыру, өндіріс үдерісі, жаңа технологияларды қолдану арқылы өнім өндіруді қамтиды. Бұл ТМД елдеріндегі сапалы өнім өндіретін бірінші кәсіпорын болып табылады.

Гүлзина БЕКТАС

Серіктес жаңалықтары