Оймақтай ой!

Оймақтай ой!

Оймақтай ой!
ашық дереккөзі
371

Оймақтай ой!

Серік Абас Шах:

“БҰЛ НЕ ДЕГЕН ҚУАНЫШ, БҰЛ НЕ
ДЕГЕН БАҚЫТ?!”

Астанада шырша құлап еді, қатты қуандық…
Алматыда шырша өртеніп еді, тағы қуанып жатырмыз…
Достар, бұл адам алаңдайтын құбылыс сияқты…
Құлағанға, сүрінгенге, өртенгенге қуану – жақсылықтың белгісі деп ойламаймын.
Жамандыққа қуану да жамандық…
Осы бір ағаш қирап қалса, Тәуелсіздіктің бағасы артып кетеді деп кім айтты?
Қасиетті мереке шыршаның тасасында қалып жатса, бұған
кім кінәлі?
Жасанды жасыл ағаш па? Жоқ әлде…???
Ұлы мереке жалпыхалықтық дәрежеде тойланбаса, бұған
шырша кінәлі емес.
Өзіміз кінәліміз…
Өйткені, Тәуелсіздіктің бағасын білмейміз, білген
де емеспіз… Жоғалтып алғанша біле алмаймыз ба деп қорқамын.
Өйткені, ол үшін белсене күрескен жоқпыз. Қан төкпедік,
тер шығармадық…
Өзі келеді деп, аяқты аспанға асып күтіп жаттық…
Болашақ қайынжұртына есік қақпай кірген келін сияқты
“өз аяғымен келді”.
Елді боданнан босатқан күннің қадірін білмей жүрген
себебіміз осыдан шығар? Міне, мәселе қайда жатыр?
Aлаңды жасанды шыршалардан тазартпас бұрын,
санамызды жасанды патриотизмнен тазалап алайық!

Р.S. 1991 жылы қол жеткен Тәуелсіздік үшін 1986
жылы желтоқсанда “қан төккенімізді” ұмытып кеткен жоқпын. Бірақ, оның дәл осы
жерге қатысы шамалы…
Тәуелсіздікке күрес арқылы жеткен жоқпыз, бізге оны
Құдай “сыйлады”.
Ал енді, “тегін нәрсенің” қадірін білмей жүрміз…

Серіктес жаңалықтары