Германияда оқу тегін бола ма?
Германияда оқу тегін бола ма?
Германияда бір кездері
жоғары білім беру ақылы болған. Уақыт өте келе ақылы жүйені алып тастау да күн
тәртібіне қойылып отыр. Алайда, мұны қош көрмей отырғандары да бар екен. Себебі,
жергілікті билік бюджетке шығын келтіретіндігін айтады.
Жоғары
оқу ақысының қымбатына байланысты кейбір неміс жастары наразылық танытып,
көшедегі тақтайшаларға суреттерін жабыстырып, оның астына – «Биыл олар оқуға
келе алмайды. Себебі, оқу ақысын төлеген жоқ» деп жазып қойған.
Айта
кету керек, дәл осындай жағдай 2006 жылы да орын алған. Сол жылдары Германияның
федералды қалаларында жоғары оқу ақысы үшін жарнаның өзі бір семестрге 500
еуроға дейін өскен болатын. Содан бергі 8 жылда қаншама пікірталас өрбіп,
шерулер өткеніне қарамастан екі буын бакалавр және магистр дәрежесінің дипломын
алып шықты. Бірте-бірте Гессен, Саар, Баден-Вюртемберг, Бремен, Солтүстік-Рейн
– Вестфалия және Гамбург елдегі қоғамдық қысымға төтеп бере алмай, жоғары оқу
орындарындағы ақылы оқуды алып тастаған екен.
Енді
оқу ақысын алып тастау жөніндегі наразылық акциясына 2013-2014 жылдың қысқы
семестрінен бастап Бавария қосылса, 10 желтоқсаннан бастап мұндай шешімді
Төменгі Саксония да қабылдады. Бавариялық үкімет елде жыл басынан бері өтіп
жатқан референдумнан кейін жарнаға жол бермейміз деп кесіп айтты. Аязды күндері
Нюрнберг орталығын транспаранттармен жаяу араларған студенттер әлеуметтік желі
арқылы да жастарға үндеу жасаған. Георг
Симона Ома атындағы Жоғарғы мектептің тәлімгері Виктория Семенова: «Оқытушылар
бізге түсіністікпен қарап, шеруге де жіберді» дегенді қуана айтады. Шын
мәнінде, қаланың орталығына шыққан жастар: «Сіздер жоғары оқу орнын тұншықтырып
жатырсыздар!» деуден еш қорыққан жоқ.
Сонымен
не керек, әр партияның саясаткерлері бір-бірімен келісіп, ақылы білімді алып
тастау керектігін жариялады. Төменгі Саксонияның Білім және ғылым министрі
Габриеле Хайнен-Кляйичтің пікірінше, оқу құны ата-ананың қалтасына салмақ
салмауы керек.
Ал
кейбір дерек көздерінде Германияда да білім алғысы келетін жастардың ақылы оқу
жүйесіне 2014 жылдың күзіне дейін шыдай тұру керектігі айтылады. Алайда, мұны
қолдайтындар мен оған қарсы ұйымдар
елдің бюджетін де ойлауды қаперге салды. Бір ғажабы, Берлинде Федералды
конституциялық сотының шешімі бойынша, 1996-2004 жылы ақылы білім алған
студенттердің оқу ақшасын қайтарып алу жөнінде талап етуіне болады екен. Бұл
прецедент емес пе?
Динара Дүрмән