Азаттық таңы атқан күн

Азаттық таңы атқан күн

Азаттық таңы атқан күн
ашық дереккөзі

         Тәуелсіздік

 

Қазағым қайтты әр қырдан, Қазаным қайтты – әз мұрам. Түркістан түлеп төрімде, Айдай жаңа жаңғырған. Жолына шалам жан құрбан. Көк туым дара шаншылды, Кебіннен тілім аршылды. Тәуелсіздік – жұртым-ау, Шапағатты жар сынды. Тұмар таққан таң сынды. Қайтқаны хақ, қадамы – ақ, Қағаным мінген қазан ат. Қалың бұдұн қағанат. Тоныкөк тасқа қашатып, Қағанаттан жазған хат. Қанағат, халқым, қанағат. Рухым қайта оралған, Ұлысым қайта оңалған. Арқаға қонған алтын тақ, Тумысын тапқан жоғалған. Елдіктен өзге Ендігі Алты алашта жоқ арман. Бәрінен де сол арман!!!                                      Бақытбек Бәмішұлы