ИОРДАНИЯ ЖОО-ДАРЫ – ҚАЗҰУ СЕРІКТЕСТЕРІ

ИОРДАНИЯ ЖОО-ДАРЫ – ҚАЗҰУ СЕРІКТЕСТЕРІ

ИОРДАНИЯ ЖОО-ДАРЫ –  ҚАЗҰУ СЕРІКТЕСТЕРІ
ашық дереккөзі
134

ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында және Иордан Хашимит Корольдігі мен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 20-жылдығын мерекелеу аясында академик, ректор Ғалым Мұтановтың басшылығымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ делегациясы Иордания ЖОО-дарына сапар шекті. 

Сапар барысында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің ректоры Ғалым Мұтанов пен Қазақстан Республикасының Иорданиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Болат Сәрсенбаев Иордан университетінің президенті Эхлейф Тараунамен, Петра университетінің президенті Аднан Бадранмен, сонымен бірге Ирбид қаласындағы Ғылым және технология университетінің президенті Абдалла Малькауимен кездесулер өткізді. 

Сонымен бірге аталмыш сапар аясында Иордан университеті жанында әл-Фараби атындағы мәдени және ғылыми-зерттеу орталығының салтанатты ашылу рәсімі болып өтті. Орталықтың қызметі араб әлемінде қазақ мәдениеті туралы ақпарат тарату, екі мемлекеттің білім мекемелері арасында серіктестік пен ынтымақтастықты орнату, Қазақстан Республикасының халықаралық деңгейдегі іскерлік, туристік тартымдылығын арттыру және еліміздің жағымды имиджін қалыптастыру мақсатын көздейді. 

«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ білім мен ғылымның интернационализациялануы университеттің әлемдік ғылым және білім беру кеңістігіндегі бәсекелестікке қабілеттілігін жоғарылатудың бірден-бір құралы екендігін барынша түсінеді, сондықтан да біздің университет әлемнің барлық университеттерімен әріптестік ынтымақтастыққа әрдайым дайын. Біз қос мемлекеттің мүддесі үшін Иордан университеттерімен байланыс орнату және дамыту мүмкіндігіне барынша ризамыз», – деді орталықтың ашылуында сөз алған ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов.

Сапар қорытындысы ретінде универ­си­теттер арасында әріптестік туралы мемо­рандумға қол қойылды. Қазақстандақ ЖОО-ның басшысы Ғалым Мұтановқа әлемдік деңгейдегі ғылыми жетістіктері үшін беделді марапат – «Ғылымға қосқан үлесі үшін» атты әл-Фараби медалі табыс етіліп, Ирбид қаласындағы Ғылым және технология университетінің құрметті профессоры атағы берілді. 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ өнерпаз сту­денттерінің ұжымы Қазақстан Респуб­ли­касының Тұңғыш Президенті күні және Тәуелсіздік күніне орай Иордания хал­қын әдемі әрі тартымды концерттік бағдар­ламасымен тәнті етті. 

Еңлік Ақжігіт

Серіктес жаңалықтары