ӘР ТИЫН ҮШІН ЕСЕП БЕРЕСІЗ

ӘР ТИЫН ҮШІН ЕСЕП БЕРЕСІЗ

ӘР ТИЫН ҮШІН ЕСЕП БЕРЕСІЗ
ашық дереккөзі
260

ҚР Қаржы министрлігінде дайындалып жатқан жаңа заңда
Қазақстан азаматтары әрбір тиыны үшін есеп беруге міндетті. Яғни, тұрақты кіріс
көзімен қатар жекеменшік мүлкі, сатып алған әрбір жаңа затына есеп беріп, оған
қаражатты қайдан алғанын көрсетуі тиіс.

Құжатты түзушілердің айтуынша, бұл заң қарапайым
азаматтарға арналған көрінеді. Яғни, Үкімет тұтынушылардың қалтасы қаншалықты
қалың екенін байқауға құмартып отыр: табыс көзі қайдан? Адамдар көбінесе не
сатып алуға құмар және шығын көлемі қанша? Басқаша айтқанда, қаржылық
қадағалау. Мәселен, бір азаматтың пәтері бар. Оны салық қызметіндегілерге тіркеуге
қояды да, егер сатқысы келсе, қаншаға сатқанын және ол ақшаны қайда жаратқанын
көрсетуге міндетті.

Салыққа қатысты бұл жаңалық кезең бойынша іске асырылмақ.
Алдымен 20 мың доллардан жоғары тұратын мүлік туралы есеп бересіз. Мәселен, үй,
пәтер, көлік, зергерлік бұйым т.б. Сосын әрбір тиыныңызды санайсыз. Яғни, бұл
жеке тұлғалардың салықты төлеуде қаншалықты заңды сақтайтынын білу үшін
орнатылатын қадағалау. Бұл да жаңа заң жобасындағы «жаңалық». Бұл әлбетте, «Көлеңкелі
экономикаға» үлес қосатындар мен салықтан жалтаратындарды құрықтауға сеп. Бірақ
сарапшылар пікірінше, мұндай жаңалықты енгізу – бос әурешілік. Өйткені
Қазақстан азаматтарының көпшілігі, тіпті, жартысына жуығы, өзін өзі жұмыспен
қаматамасыз ететіндер. Ресми түрде еш жерден жалақы алмағандықтан, төлейтін
салығы да жоқ. Қазақ қоғамында дау тудырған бұл құжатқа азаматтардың көпшілігі
қарсы шықты. Мәселен, отандық БАҚ-та жарияланған деректерге сүйенсек,
тұтынушылардың 60 пайызы жаңа салық жүйесіне наразылық танытқан.

Тағы бір мәселе, егер азаматтар мүлікке қатысты есеп
беруді кешіктірсе, 300 АҚШ доллары көлемінде айыппұл төлеуге мәжбүр болады. Заң
бұзғандарды банктер анықтап, Қаржы министрлігіне ақпарат жөнелтіп отырмақ.

  Нәзия Жоямергенқызы

Серіктес жаңалықтары