МАМЫТБЕКОВ ОТСТАВКАҒА КЕТЕ МЕ?

МАМЫТБЕКОВ ОТСТАВКАҒА КЕТЕ МЕ?

МАМЫТБЕКОВ ОТСТАВКАҒА КЕТЕ МЕ?
ашық дереккөзі
238

Егер вице-министр М.Өміряевқа тағылған айып құзырлы
органдар тарапынан дәлелденсе, Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков еш
ойланбастан, өз еркімен отставкаға кетуге дайын отыр.

Бұрнағы күні ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Мүслім
Өміряевке «2013 жылдың қазанында өткізілген ветеринарлық дәрі-дәрмекті
мемлекеттік сатып алу турлы байқауда 100 мың доллар көлемінде пара алды» деген
айып тағылып, тұтқынға алынған болатын. Бұл туралы әлеуметтік желілердегі
парақшасында жазған министр мырза, көп ұзамай журналистерге берген сұхбатында
қайталады. Орынбасарының жемқорлыққа қатысты ұсталғанын Интернет арқылы
құлағдар болғанын жеткізген ол М.Өміряевтің пара алғанына сенбейтіні, Өміряев
ешқашан мемлекеттік сатып алулар жөніндегі комиссия құрамында болмағанын,
ветеринарлық препараттарға қатысты іспен шұғылданатын комитетке ешқандай қатысы
жоқтығын, ақшаға қатысты дау туыстар арасындағы қарызды қайтаруға қатысты
түсінбеушілік болуы мүмкіндігін ескерткен ол орынбасарының мансабына шаң
жұқтырмайтын қызметкер екеніне сенім білдірді. 

  Нәзия Жоямергенқызы

Серіктес жаңалықтары