БАНКТЕР ЗАҢДЫ БҰЗЫПТЫ
БАНКТЕР ЗАҢДЫ БҰЗЫПТЫ
Коммуналдық қызмет түбіртегінен
де пайда табуды көздеген банктер бәсекелестікті сақтауға қатысты заңды
бұзғандықтан, үстерінен әкімшілік іс қозғалыпты. Ашкөз банктер енді жауапқа
тартылмақ.
Бір кездері 30 бен 50 теңгенің төңірегінде болған
коммуналдық төлемдер түбіртегін төлеу ақысы есіңізде ме? Күрт қымбаттап кетіп
еді ғой? Оның себебі, жекеменшік банктер өзара келісіп, бағаны бірден
қымбаттатқан. Алматы қаласы Монополияға қарсы инспекция қызметкерлері жүргізген
тексеру нәтижесінде банктердің біраз былығы ашылыпты.
Инспекция бастығы Азамат Камшымбаевтың айтуынша, қаладағы
екінші деңгейлі 5 банктің жұмысын тексеру барысында халықтың коммуналдық
төлемдер түбіртегін өңдегені үшін алатын ақшаны белгілеуде бәсекелестік заңы
бұзылған. Яғни, бес банктегі ақы бірдей қымбат. Аталған заң бұзушылық
анықталған, енді банктердің үстінен әкімшілік іс қозғалыпты.
Монополияға қарсы инспекция тексеруіне Алматыдағы
Қазкоммерцбанкі, АТФ банкі, Альянс банкі, Нұрбанк пен «Қазпошта» іліккен еді.
Ашкөздікке ұрынған банктер енді заң алдында жауап бермек.
Алтынай Айдарқызы