"Ол Әділет басқармасында қызмет жасамайды"
"Ол Әділет басқармасында қызмет жасамайды"
Қымбат
көлікке мініп алып, тәртіп сақшыларынан тырқырай қашқанымен қоймай, оларды
«жұмыстан шығартам» деп қорқытқан дөкей Алматыдағы көп шенеуніктің бірі болуы ықтимал. Алайда әзірге ол болжам расталмай отыр.
Жол ережесін бұзған BMW Х5 көлігін тоқтатуға тырысқан жол полициясының
қызметкерлері «Қыз қуу» операциясына қатысуға мәжбүр болған. Өйткені әлгі
машинаның жүргізушісі удай мас болып шыққан. Дер кезінде тоқтап,
құжаттарын көрсетіп, заңға бағынудың орнына газды басып, Алматыны адақтаған
әлгі дөкей тіпті, полицейлерді «Сендерді ме, бәлем! Бәрің жұмыстан кетесіңдер!»
деп қорқытыпты.
Алматы қаласы Медеу ауданы аумағында болған бұл оқиға
сәтті аяқталған. «Тоқта!» деген бұйрыққа бағынбаған ол жанармай стансаларының
бірінде қолға түсіпті. Қолында жүргізуші куәлігі болмаған оны медициналық тексеруден өткізуге әкелгенде бағынудан бас тартқан ол тәртіп
сақшыларына қоқан-лоққы жасаумен болған. Полиция қызметкерлері жабылып жүріп
әрең жасаған тексеру қорытындысы шенеуніктің удай мас (2,51 промилле) екенін
анықтаған. Әділет министрлігі – Мониторинг және сараптама бөлімінде істейтін
лицензиялық-құқықтық инспекторының қызметтік куәлігі қазір тәртіп сақшыларының
қолында. Мас шенеунікке тағылған айып нәтижесінде ол 3 әкімшілік айыппұл төлеп,
жүргізуші куәлігінен айырылады. Алайда Әділет министрлігінің баспасөз-қызметіндегілер министрлікте мұндай адамның жұмыс істеметіндігін және куәліктің жалған екендігін мәлім еткен.
Өкініштісі, соңғы кездері мұндай сорақылықтар, яғни, ішіп
алған күйі көлік айдау жайттары жиілеп барады. Жуырда ғана бір дөкейдің баласы
ішіп алып, көлік айдауының кесірінен алты адамды бірден қағып, олардың біреуі
сол жерде тіл тартпай кеткен еді. Сорақысы, «ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясындағы құрылыс
департаментін басқаратын Қажымұрат Үсеновтің баласы жүргізуші куәлігінен жыл басында-ақ айырылып қалса да,
заңды бұзған.
Нәзия Жоямергенқызы