Оймақтай ой: 1 ОРЫС КОНДУКТОРЫ ЖӘНЕ 11 МЛН. ҚАЗАҚ
Оймақтай ой: 1 ОРЫС КОНДУКТОРЫ ЖӘНЕ 11 МЛН. ҚАЗАҚ
Көзімді ашқалы, есімді білгелі бері көріп жүргенім:
Орыс кондукторлар тек орысша ғана қызмет көрсетеді. Ал қазақ кондукторлар* қазақ және орыс тілінде. Бір орыс кондукторының алдында 11 млн. қазақ орысша сөйлейді. Мейлі ол қазақ орысшаға шорқақ болса да, қиналып, қысылса да, маңдайынан тері ақса да шүлдірлейді. Себебі 1 орыс кондукторы 11 млн. қазақтың мысын басып жүр/баса алады.
Орыс кондукторы қазақтардың құқына түкіргені бар ма, түкіріп те жүр. Біріншіден, клиенттің тілінде сөйлемейді. Клиенттің тілінде – мемлекеттік тілде қызмет көрсетпейді. Екіншіден, Конституцияға түкіріп тұр. Себебі қоғамдық көлік, мемлекеттік ұйым емес, орыс тілі тең қолданылатындай. Міне, Қазақтың бейшаралығы.
Әсіресе ауылдан келген, орысшаға шорқақ қазақтарға таң қаламын, анау мынау емес жай орыс кондукторының алдында бейшара күйге түседі. Мен де Астанаға келгенге дейін орысшаға шорқақ едім. Бірақ еш ұялған емеспін. Өз елімде мемлекеттік тілде қызмет алуға құқым бар. Анау мынау емес Конституциялық құқым бар. Сондықтан да арқамды кеңге салып, барлық жерде өз елімде, қасқайып жүрдім. Әсіресе өзге ұлттардың алдында…
Еңсеңді көтер Қазақ! Ел, жер өзіңдікі! Барлық жерде қазақша сөйлеп жүруге қақың бар!