Қаныш Сәтбаевқа Астанадан көше атауы қашан бұйырады?

Қаныш Сәтбаевқа Астанадан көше атауы қашан бұйырады?

Қаныш Сәтбаевқа Астанадан көше атауы қашан бұйырады?
ашық дереккөзі
188

Жақында ғана біз «Түркістан» газетінің сайтында Астанадағы Мирзоян атындағы көшенің қазақтың нар тұлғасы Қаныш Сәтбаевтың атымен аталатындығы жайында көпшілік оқырманнан сүйінші
сұраған едік.

Алайда астаналық
шенеуніктер ол райынан қайтып қалған секілді. Олардың бүгінгі сөз ләміне сенсек, қазақ
тарихында белгілі бір із қалдырған Мирзоянның атындағы көшеге әзірге ешкім
тиіспейтін секілді.

«Newtimes.kz» ақпараттық
агенттігінің мәлімдеуінше, Астана қалалық ономастикалық комиссия астаналық
биліктің Мирзоян атындағы көшені академик Қаныш Сәтбаевтың атына беру жайлы
ақпаратты жоққа шығарып отыр. «Комиссия отырысында Мирзоян көшесін өзгерту
жайлы мәселе қозғалды. Комиссия мүшелері оны өзгерту қажеттігін қолдады. Бірақ әзірге
ешқандай шешім қабылданбады. Бұл мәселе мемлекеттік комиссияда қаралмақ. Заңды тұрғыдан
біз оны мақұлдауымыз қажет. Мәслихат сессиясында депутаттар бұл мәселені талқылайтын
 болады. Құжаттар Әділет департаменті
арқылы өтеді», – деген бұл жайында агенттік тілшісіне қалалық Тілдерді дамыту
басқармасының өкілдері. Ономастикалық комиссия дәл осы басқармаға қарайтыны
мәлім. Олардың айтуынша, бұның алдындағы «Мирзоян көшесі Сәтбаевтың атына
беріледі» деген ақпаратты таратушы Әбдіжәлел Бәкір комиссия мүшесі емес. Әрі
комиссияның бұл жолғы отырысына қатыспаған. Ономастикалық комиссияға Мирзоян
көшесінің тұрғындары мен Астанадағы зиялы қауым өкілдерінен осы көшені Қаныш
Сәтбаев атына өзгерту жайлы өтінішпен хат түскен. Өйткені, Астана астана болған
15-16 жылдың ішінде қазақтың ұлы академигіне әлі күнге дейін көше аты
бұйырмапты. 


Есен Байнұр

Серіктес жаңалықтары